Мектеп дәретханасында бейнекамера орнатылуы мүмкін
Алдағы уақытта мектеп дәретханасында бейнекамералар орнатылуы мүмкін. Оқу-ағарту министрлігі қазір бұл мәселенің кем-кетігін пысықтап жатыр. Әуелі бұл сұрақ халық алдына ашық ұсынылып, қоғамдық талқылау жүргізіледі.
Автор: Айжан Шамшидин
06.10.2023
Үкімет мұндай қадамға соңғы кезде мектеп қабырғасында жиілеп кеткен буллинг кесірінен баруға мәжбүр. Жауапты сала өкілдері елімізде "әрбір бесінші оқушы қатарластарынан тепіріш көреді" деген жаға ұстатарлық мәлімет таратып отыр. Және соның барлығы дәл осы дәретхана ішінде істеледі екен. Себебі мектеп дәлізінде камералар әр бұрышта орналасқан. Бет-жүзіміз көрініп қала ма деп қорыққандықтан озбырлық әрекетін жүзеге асырғысы келетін оқушылар көбіне камерасы жоқ жер іздейді.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
- Камераны дәретханада орнықтырған мәселені шешкенімен, кешенді шешкен дұрыс. Осыған біз бағытталып отырмыз. Әрине, камераны дәретханаға орнату мәселесі арнайы мамандармен, сарапшылармен ақылдасуды талап етеді. Өйткені ол жеке адамның құқығына әсер ету. Мәселесі ертең көтерілу керек. Әрнәрсені баппенбайыппен қараймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!