Мұғалімдер әдістеме мен тестілеуден мүлдем босатылады
Президент «мұғалімдерге қысым көрсетуді тоқтату керек» деп пәрмен бергені сол-ақ екен, бүгін оқу-ағарту министрлігі су жаңа реформаларды қолға алдық деп отыр. Соның бірі — биылдан бастап ұстаздар қауымы әдістеме мен педагогикаға қатысты тестілеуден мүлдем босатылады.
Автор: Айжан Шамшидин
06.10.2023
Жауапты сала басшысы Ғани Бейсембаев құр әурешілікті азайтып, мұғалімдердің сапалы білім беруіне мейлінше көңіл бөлеміз дейді. Әсіресе ұстаздарды аттестациялаудан өткізу тәртібі тағы бір пысықталады.
Сондай-ақ біліктілігін арттыру үшін мектеп қабырғасында сабақ беретін мұғалімдер саналы өмірінде жиған-терген сертификат, мадақтама қағаз, дипломдарын көшірмеден өткізіп әуре-сарсаңға түсетін. Қазір барлық құжат электронды форматта сақталатындықтан, бұған дейін талап етілген бұл норма да алынып тасталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!