{metadescription}
Ақтөбе облысы: Мембағдарламамен салынған үйлердің іргетасы үгітіліп жатыр
Ақтөбе облысы: Мембағдарламамен салынған үйлердің іргетасы үгітіліп жатыр

Ақтөбе облысы: Мембағдарламамен салынған үйлердің іргетасы үгітіліп жатыр

Ақтөбе облысында мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйден пәтер алғандар үйінді астында қаламыз ба деп үрейленіп отыр. Себебі, Қобда ауылында осыдан үш-төрт жыл бұрын салынған жаңа ғимараттардың іргетасы шөгіп, қабырғалары жарылып жатыр.

Кей тұрғындар шаңырақтарында тұрудан шошынып, жақындарының үйін жағалап жүр. Мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйдің сапасын КТК тілшісі көріп қайтты.

Қобда ауылындағы қос қабатты тоғыз үйден тұратын кешен осыдан үш-төрт жыл бұрын қолданысқа берілген. Пәтер кезегінде тұрған мүгедек жандар, көпбалалы отбасылар мен бюджет мекеме қызметкерлері осында қоныстанды. Сыртынан қарасаң, ғимараттардың бәрі бүтін. Ал құрылыс сапасының қандай екенін тек ішіне кіргенде көресің. Шөккен іргетастың кесірінен қабырғалардың сөгітіліп жатыр.

Әсел Жиеналина бес баласымен жарты жылдан бері жақындарының үйінде тұрып жатыр. Мұнда тұру қауіпті деген соң, уақытша көшіп кеткен. Әкімдік жалға берген екі бөлмелі пәтерінің қабырғасы жарылып, едені шөгіпті. Алты ай бойы жөндеуі де бітпеді деп налиды көпбалалы ана.

Әсел Жиеналина:

- Мен жарты жылдан бері апамның үйінде тұрып жатырмын, бес баламмен. Мына үйді істейміз деп әлі жүр, істей алмай. Былтыр да солай көштім.Екінші рет көшіп жатырмын. Дүнием қалған, жатыр, бұзылып.

- Неге үйден көшіп жүрсіз?

- Бұзылып жатыр, жарылып.

Қазір тоғыз үйде алпыстан аса шаңырақ тұрып жатыр. Билік басыбайлы бермесе де, жалға алған баспанада сапасыз құрылыстың кесірінен жанымыз жай таппай отыр дейді тұрғындар.

Жұма Әбдіқадырова:

- Сапасы жоқ, дымы жоқ. Жылайсың да отырасың. Мен де адам сияқты тұрғым келеді. Мен де люстра ілгім келеді. Диван, шифоньер. Адам тұра алмай отырмын. Не қуаныш маған, а? Бір аяғым төрде, бір аяғым көрде. Келіп едім, қуанып, үй алдым деп. Не болды мынау?  

Бұл үйлер қазір аудан әкімдігінің балансында. Тұрғындар жеңілдікпен тұрып жатқандықтан, жалға алғаны үшін айына 6-10 мың теңге арасында ақы төлейді. Әкімдіктегілер ғимаратта тұруға еш қауіп жоқ дейді. Тек жарылған жерлерін бір айда сылап, іргетасын бекітеміз деп отыр.

Қанат Мыңбаев, Қобда ауданы әкімінің орынбасары:

- Бұл мәселені білеміз. Осыған байланысты комиссия құрылды. Қазіргі уақытта жұмысы жүріп жатыр. Осы айдың соңына дейін толық бітіреміз. 

Мемлекет меншігіндегі үй болғандықтан, оны күтіп ұстау әкімдіктің құзырында. Бірақ биыл бюджеттен ақша бөлінбепті. Сондықтан шенеуніктер демеушілерге алақан жайып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.