Мигранттарды шекарадан заңсыз өткізіп келген қылмыстық топ ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекарадан мигранттарды арлы-берлі заңсыз өткізумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті. Осындай жолмен пайдаға кенелген 72 адамның қолына кісен салынды.
Автор: Мерей Қалиасқар
06.10.2023
Құрықтау операциясы Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында жүргізілген. Қылмыстық топ Қытайдан, Өзбекстан мен Қырғызстаннан жұмысшыларды заңсыз өткізіп отырған. Тегін емес, әрине. Жүйелі түрде жолға қойылған заңсыз бизнестен түскен ақша — қыруар.
Комитеттегілер қылмыстық топтың бопсалау сияқты басқа да ауыр қылмыстарға қатысы бар дейді. 72 адамды құрықтау кезінде олардан қару-жарақ, ірі көлемде ақша мен есірткі де тәркіленді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!