Қарағандыда үш жасар баланы эскалатор жазым қылды
Қарағандыдағы сауда орталығының бірінде үш жасар баланы эскалатор жазым қылды. Ойын баласы одан түсіп келе жатқанда құлап, жылжымалы баспалдаққа қолы қысылып қалған. Саусақтары шайналған бүлдіршін жағдайы ауыр күйде ауруханаға жеткізілді.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
06.10.2023
Оқиға түскі уақытта болған. Баланың қолы эскалаторға қыстылырып қалғанда механизм бірден тоқтаған. Бірақ соның өзінде бүлдіршіннің нәзік қолы шайналып кетіпті. Құлындаған дауысы шыққан баланың қолын құтқарушылар арнайы құрылғының көмегімен 15 минутта алып шықты. Ол үшін эскалаторды талқандауға тура келді. Бүлдіршін шұғыл ауруханаға жеткізіліп, қолына ота жасалды.
Мұхаммед Рақымбаев, Қарағанды облысы ТЖД аға инженері:
- Төтенше жағдайлар департаменті баланы эскалаторда қараусыз қалдырмауға шақырады. Жас балаларды қолында немесе қолынан ұстап түсу керек. Эскалаторда болғанда абай болыңыз. Түсуге немесе мінуге алдын ала дайындалыңыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!