«Келешектің» жиналған ақшасына үй алуға да рұқсат
«Келешек» бағдарламасы бойынша есепшотқа жиналған ақшаны бала тек білім алуға емес, баспана алуға да жұмсай алады. Оқу-ағарту министрі Саясат Нұрбек ол үшін жалғыз шарт сақталуы тиіс деп отыр.
Автор: Айжан Шамшидин
06.10.2023
Мектеп бітірушіге мемлекеттік грантқа өз күшімен түскенде ғана, жинақталған қаржыны қалауынша жұмсауға мүмкіндік берілмек. Жоғарғы оқу орнында білім алу мен үйлі болудан бөлек, бала денсаулығын қаратуға да жаратуға еш кедергі жоқ. Жалпы кәмелетке толған әр Қазақстан азаматына «Келешектегі» ақшасы басыбайлы беріледі. «Өзім пайдаланбаймын» деп, бас тартқан жағдайда, бұл қаржыны туған бауырларына беруге құқы бар. Ал отбасыда қайғылы жағдай орын алып, бала 18 жасқа дейін бақилық болса, бұл сома ата-анасының шотына аударылады.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
- Бұл «Келешек» бағдарламасын мемлекет өзі кепілдендіреді. Бала, Құдай бетін әрі қылсын, қайтыс болған жағдайда, атаанасы жиналған соманы басқа балаларының білім алуына, ем-домына, үй сатып алуына пайдаланады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!