Қарағандыда мектептің шатырынан су сорғалап тұр
Қарағандыдағы № 8 мектептің шатырынан су сорғалап тұр. Жауын жауған сайын оқушылар мен мұғалімдер малмандай су болады. Төбеден сарқырап аққан судың видеосы әлеуметтік желіге де тарады. Осыны көрген ата-аналар білім ошағына жөндеу жүргізуді талап етуде.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
06.10.2023
Айгүл Олжабаева:
- Ғимараттың сыз тартып, жөндеу көрмей, ондағы баланың ауырғаны кімге ұнайды? Өткен жылы да осындай болған. Қыста терезелерден жел соғып, балалар бүрсеңдеп отырды. Одарды бірінші қабатқа түсіріп жүрді.
Ата-аналардың айтуынша, қаладағы дәл осы мектеп қараусыз қалған. Білімге жауапты басшылық мұнда бас сұқпайды, не жөндеуге қаражат бөлмейді екен. Басқа мектептерге жөндеу жүріп жатқанда қызыға қараймыз дейді олар. Ал бұл білім ордасының күрделі жөндеу көрмегеніне біраз болыпты. Мектептегі жағдай желіге тараған соң, елдің наразалығын туғызды. Дегенмен шенеуніктер бұл даурығатындай мәселе емес дейді. Жақын арада жаңбыр қайта жауып кетпесе, шатырдағы шұрық-тесік жамалады деп сендірді.
Есентай Әшімов, Қарағанды білім бөлімінің басшысы:
- Су ағу мәселесі өткен жолғы қатты нөсерде анықталды. Сол кезде төбеден ақау табылды. Қазір сол ақаудың арасына кірген судың кепкенін күтіп отыр. Кепкен кезде мектепте материалдар бар. Жөндеу жүргізіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!