Ақтауда тарифке қатысты қоғамдық тыңдау айқай-шумен аяқталды
Ақтауда электр энергиясының тарифын өсіруге қатысты өткен қоғамдық тыңдау айқай-шумен аяқталды. Онсыз да жарыққа жарымай отырған халық бағаны қымбаттатуға түбегейлі қарсы.
Автор: Айман Нұрмағанбет
09.10.2023
Лиза Жоламанова:
- Жарық проблемасын барлығы да біледі. Мына үйдегі техникаларымыз, мысалы, жақында алған тоңазтқышым күйіп кетті. Тарифты көтереміз деп жатыр. Менің тоңзтқышымды кім төлеп, кім жөндеп береді? Қарайған ақшаны алып отырмыз. Бәріміз де қара халықпыз. Қайтадан пәленбай мыңға зат алуға жағдайымыз келе бермейді.
Дәл осындай қоғамдық тыңдау Маңғыстау облысының өзге аудандарында да өткен. Ал бүгін Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданы халқы үшін ұйымдастырылды. Себебі өңірді жарықпен қамтитын «Маңғыстау жарық» серіктестігі тариф құнын қымбаттатпақшы. Тіпті тиісті орындарға ұсыныс та беріп қойған екен. Бірақ бұл бастамаға қарапайым халық қарсылық танытуда. Тіпті жауаптылардың баяндама оқуына мұрсат бермей, жиынды астаң-кестең қылды. Жарық жеткізуші компания тариф құнын 1 теңге 74 тиынға қымбаттауды сұрап отыр. Алайда монополист компания жұрттың жауабын сол күйі біле алмады. Себебі жиын басталмай жатып аяқталды.
Жандос Сәлімов, Маңғыстау облысы табиғи монополияны реттеу департаментінің басшысы:
- Бұл ұсыныс бойынша біз қарайтын боламыз. Қосымша хабарлаймыз. Себебі, бұл хабарлама желісі арқылы жария беріледі. Жария тыңдау, өткізу бойынша мына қағидаларға сәйкес өткізілу міндетті. Осы жария тыңдауда барлығы ойпікір, ұсыныс болып жатса, соның бәріне жауап беруіміз керек. Қазір, міне, осы мекемеге түскен өтініш бойынша қорғау жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!