Атырау облысында қоқыстан мемлекеттік ту табылған
Көк туды қорлағандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Атырау облысындағы Қарабатан кен орында қоқыс арасынан мемлекеттік ту табылды. Аяқтың астында шашылып жатқан жалауды жұмысшылар байқап, бейнежазбаға түсіріп алған.
Автор: Жанат Молдашова
09.10.2023
Бейнежазбада құрылыс қалдықтарының арасында бір емес, бірнеше ту жатқан. Рәміздерді жұмысшылар жинап алып, жуып-тазалап қойған. Көк тудың кейбірінде «Сичим Қазақстан» деп жазылған көрінеді. Қазір Атырау облысы полиция департаменті мемлекеттік рәмізді қорлау дерегімен қылмыстық із қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.
Мейірім Ердәулет, Атырау облысы ПД ресми өкілі:
- Полиция департаменті ҚР ҚК 372-бабына сәйкес, яғни мемлекеттік рәміздерді қорлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жауапты мекемелердің тұлғалары жауап беруде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жарияланбайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!