El Umiti Cup 2023: Әр өңірден келген оқушылар бағын сынады
El Umiti Cup 2023. Еліміздің әр түкпірінен жиналған оқушылар республикалық пікірсайыс турнирінде бақтарын сынады. Сөз сайыстың басты мақсаты — еліміздің білім ордаларында пікірсайыс қозғалысын дамыта отырып, парламенттік пікірсайыстар мәдениеті технологиясын насихаттау дейді ұйымдастырушылар.
Автор: Айғаным Достанбай
09.10.2023
Жанерке Шаймерден, El Umiti Cup 2023 КҚ жоба жетекшісі:
- Пікірсайыс ойыны оқушылар арасындағы ең өзекті ойындардың бірі. «Ел үміті» қорына көптеген мектеп шығып жатыр. Бізге келіп тренингтар, семинарлар өткізбекші. Сондықтан ол ең бірінші сыни ойлауды дамытады. Және де шешендік сөйлеуді, балалардың ортада қалай ұстап, қандай сөз қолдануға керектігіне көмектеседі.
Турнир лигасы қазақ және ағылшын тілінде ұйымдастырылған. Шараға қатысуға еліміздің барлық өңірінен 120-дан астам команда өтініш білдірген екен. Ал қатысушылардың ұзын-сонар саны 240-тан асып жығылады. «Әсіресе еліміздің батыс және оңтүстік өңірлері пікірсайысқа ерекше қызығушылығын байқатып отыр» дейді ұйымдастырушылар. Осы орайда биыл екі лига бойынша ең үздік 40 пікірсайыс тобы іріктеліп, ақтық сайысқа жолдама алған. «Ел үміті» корпоратив қорының ұйымдастыруымен өткен турнир қатысушыларды айырықша жүлде қорымен ынталандырып отыр. Мәселен, екі лиганың финалистері Еуропа және ұлттық халықаралық турнирлерде Қазақстан атынан өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады. Турнирдің жалпы жүлде қоры 1 млн 900 мың теңгені құрады. Сондай-ақ лигалардың әрқайсы бойынша жеңімпаздар мен финалистерге, үздік спикер мен қазыларға да марапаттар табысталды.
Аружан Нығыбаева, Павлодар облысынан келген қатысушы:
- Әрине, бұл республикалық турнир болғандықтан, бұл жерде бәсекелестік әлдеқайда жоғары. Бұл жерде әр өңірлерлен мықты командалар жиналған. Дебат, қандай мамандықпен айналыспасам да және таңдауда маған өте үлкен көмегін береді. Себебі дебат адамда логиканы, критикалық ойлауды дамытады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!