{metadescription}
Арыстанбек Мұхамедиұлы:«Көзімді құрту үшін берілген тапсырма!»
Арыстанбек Мұхамедиұлы:«Көзімді құрту үшін берілген тапсырма!»

Арыстанбек Мұхамедиұлы:«Көзімді құрту үшін берілген тапсырма!»

Көзімді құрту үшін берілген тапсырма! «Дипломат» қонақүйін рейдерлік жолман тартып алды деген айыппен ісі қаралып жатқан Арыстанбек Мұхамедиұлы тағы бір шулы мәлімдеме жасады. Экс-миинстр сот басталғалы, судья қылмыстық істі бір жақты қарап жатыр деген ұстанымда. Адвокаты тіпті халықаралық сотқа да жүгінуге барамыз деп отыр.

Балауса Бердімбетова, Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты:

- Біз, әрине, соттың әділ үкім кесетініне үлкен үмітпен қараймыз. Көріп тұрсыздар ғой, жәбірленуші тарап айып тағуын тағып алды да, бірдебір көрнекі, заттай дәлел келтірмей отыр. Барлығы тек сөз жүзінде. Сөзін растайтын құжат атымен жоқ. Егер сот шешімі көңілімізден шықпаса, Арыстанбек Мұхамедиұлы халықаралық сотқа да жүгінеді.

Бұған дейін Ұлттық музейдегі жемқорлық ісі бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылған экс-шенеунік бүгінде жазасын орташа қатаңдықтағы колонияда өтеп жатыр. Үнемі сот отырысына көтеріңкі көңіл-күймен келетін Арыстанбек Мұхамедиұлы бүгін де әдетінен жаңылған жоқ. Журналистерге сұхбат бергісі келіп, «таза атыма күйе жағылып жатыр» деумен болды. Дегенмен істі қарап жатқан судья оған рұқсатын бермеді. Процесс барысын енді камераға түсіруге де болмайды. Сондықтан іс ары қарай жабық қаралады.

Арыстанбек Мұхамедиұлы Ұлттық музейдегі қызметіне дейін бес жыл мәдениет министрін басқарған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде