{metadescription}
Қарасай ауданының дәмханасына көшірілген жедел жәрдем қызметкерлері шулап отыр
Қарасай ауданының дәмханасына көшірілген жедел жәрдем қызметкерлері шулап отыр

Қарасай ауданының дәмханасына көшірілген жедел жәрдем қызметкерлері шулап отыр

Ауруханадан асханаға ауысқан. Алматы облысы Қарасай ауданының жедел жәрдем қызметкерлері осылай деп шу шығарды. Өйткені тәп-тәуір медициналық мекемеде отырған 103 қызметінің мамандарын күні кеше дәмхананың екінші қабатына көшіріп жіберген.

Ал онда мүлде жағдай жасалмаған деп отыр. Тиісті құрал-жабдықтардың жоқтығы былай тұрсын, орын жетпегеннен дәрі-дәрімектер де сыртта шашылып жатыр. Бүкіл ұжымға жалғыз дәретхана, бір қол жуатын жер.

Қаскелең қаласындағы кішігірім асхананың алды бүгін азан-қазан. Бұл жолы әмханадағы дәрігерлер шу шығарып отыр. Өйткені осыған дейін жап-жаңа аудан орталығы ауруханасында отырған жедел жәрдем станциясын күні кеше асхананың екінші қабатына көшіріп жіберіпті.

Бақтыгүл Рысмендиева, фельдшер:

- Біз халықты емдейміз. Біреуде қиын жағдай болса, бірінші жедел жәрдемге хабарласады. Ал енді біздің жағдайымыз мынау. Мына жерде тіпті ұят. Жұмыс істегім келмей қалды. Медикаментке орын жоқ. Оның ішінде есірткіге қарсы препараттар бар, сақтайтын жер жоқ. Қазір барсаңыз, қалай болса солай тұр. Кез келген кіріп ала береді. Есігі жабылмайды.

Қарасай ауданындағы науқастарға шапқылайтын жедел жәрдем қызметкерлерінің су жаңа орны. Кірген бойда өте жағымсыз иіс шығады. Қол жуатын жер тек біреу-ақ. Осында мамандар ыдыс-аяғын да жуады, осы жақтан су алып ішеді. Ары қарай жарық жөнді жанбайды. Жылу мүлде жоқ. Ал бір бөлме асхана әрі тынығатын орын.

Бөлме жетпей, 200-ге жуық маман осылайша амалдап отыр. Тіпті дәрі-дәрмек ішке сыймағасын, шарасыздан сыртқа шығарып қойған. Медикаменттер шаң басып жатыр. Ал жедел жәрдем көлігінің жәйі бөлек әңгіме. Станциядағы жалпы 30 көліктің тұраққа тек үшеуі ғана сыяды дейді. Ауладан орын таппағандар көшенің бойына қойып қояды.

Нәзира Әбдікерім, фельдшер:

- Бізге кіріпшығуға түнде ыңғайсыз. Көліктерді аулаға қойып, кезекпен шығып жүрміз. Бос орынға қойып. Мына жақта көршілер де шығып жатыр, түнде дабыл дауыстввры мазаны алады. Клиенттер келеді. Неше түрлісі бар. Ішкен де, наша шеккен де келеді. Мұнда ұйықтайды. Қараусыз қалған жер сияқты.

Жауаптылар жедел жәрдем станциясының асханаға тек уақытша көшкен. Аудандық ауруханаға жақын деп осы жерді таңдапты. Ал өзге ғимаратқа бір аптаның ішінде көшіреміз деп сендірді.

Мерей Аманов, Алматы облысы жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы директорының орынбасары:

- Қарасай аудан орталығына бұрын станция отырған жерге МРТ аппаратын орнатамыз, құрылыс бастауымыз керек деді бас дәрігер. Содан кейін ғимаратты босатуға тура келді. Тек қана уақытша ғана орналастық. Бір апта отырады екен. Оқыс жағдай болып қалып, тұрақ таба алмай қалып, біреу ажал құшып кетсе, кім жауап береді? Сіздер ме?

- Жоқ, ондай жағдайға жеткізбейміз ғой.

- Оны қайдан білесіз?

- Ол сұрақтарыңызға жауап бере алмаймын.

Дәрігерлер нақты қандай ғимаратқа көшеді деген сұраққа да жауап жоқ. Әйтеуір жаңа деп қояды. Соған қарағанда, өзі де жөнді білмейтін сияқты. Десе де «уәдемде тұрмасам, жұмыстан кетуге дайынмын» деп отыр. Ал күн-түн үй бетін көрмей, халық үшін маңдай терін төгіп жүріп, ауруханадан асханаға көшкен 103-тің қызметкерлері енді асханадан кейін түнгі клубтан бір-ақ шықпасақ болды деген тілекпен отыр.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде