{metadescription}
Digital Bridge: Қазақстан IT мемлекетке айналуға тиіс
Digital Bridge: Қазақстан IT мемлекетке айналуға тиіс

Digital Bridge: Қазақстан IT мемлекетке айналуға тиіс

Қазақстан IT мемлекетке айналуы тиіс. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Digital Bridge халықаралық технологиялық форумында айтылды. IT индустрияның даму қарқынын талқылауға арналған Орталық Азиядағы ең ірі алаңда мемлекет басшысы төбе көрсетіп, саланы ілгерілету бойынша бірқатар ұсыныс айтты. Жауапты ведомстволарға да тапсырмалар жүктелді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- 2027 жылға дейін барлық облыс орталықтарын ұялы байланыстың жаңа буынымен қамту міндеті бұған дейін жүктелген болатын. Алайда технологияның қарыштап даму жағдайында біз де қарқынды арттыруымыз керек. Үкімет бұл жұмысты мерзімінен бұрын, яғни 2025 жылдың соңына дейін аяқтауы қажет. Әрине, мерзімнің өзгеруі көрсетілетін қызмет сапасына әсер етпеуге тиіс.

Ал интернет жылдамдығы бойынша «Токионы басып оздық» деп жүрген цифрлық даму министрі бұл жолы әлемге әйгілі мамандардың алдында кеңінен көсілді. Бағдат Мусиннің айтуынша, кейінгі жылдары Қазақстанның IT салада ауыз толтырып айтатын жетістіктігі баршылық. Барлық мемлекеттік қызметтің цифрландырылып, онлайнға ауысқаны соның айқын кепілі. Яғни қазақстандықтардың ешқайда шықпай, ешқайда бармай-ақ, ғаламтор арқылы әп-сәтте ісін тындыруына өзге елдер қызыға әрі қызғана қарайды екен. Тіпті кейбір танымал қосымшаларға Эстония сияқты "құда түсіп" жатқанды бар. Бағдат Мусин 300-ден астам IT компанияның өкілдері мен 30 елден келген делегациямен сүйінші жаңалығымен де бөлісті. Мәселен, алдағы уақытта ел азаматтары QR коды арқылы жұмысқа орналаса алады. Тіпті халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, онлайн түрде төлқұжат істеп алатын күн алыс емес. Көліктің мемлекеттік нөмірін де оп-оңай өзіңе аударуға болатыны айтылды. «Шалғай ауыл тұрғындарын ғаламтормен қамту керек» деген президент тапсырмасының орындалу жайына да тоқталған министр, аты әлемге мәшһүр Илон Масктың Starlink спутник жүйесі ауыл мектептерін интернетке қосуға көмектеседі деп отыр.

Бағдат Мусин, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Кейде біз өз проблемаларымызды өзіміз шеше аламыз деп сенгімізақ келеді, алайда SpaceX сияқты дамыған технология бар кезде, оны пайдаланбау әсте күнә болар. Өткен айда Лорен Дрейер президентпен кездесті, нәтижесінде біз 10 мектепті интернетке қостық және қазан айының соңына дейін тағы 2000 мектепті қосу жөнінде келісімшартқа қол қоямыз. Жарты жыл ішінде Қазақстанның барлық оқушылары цифрлық игіліктерді еркін пайдалана алатын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде