{metadescription}
ШҚО: Шахтада опырылған топырақ екі жұмысшыны басып қалған
ШҚО: Шахтада опырылған топырақ екі жұмысшыны басып қалған

ШҚО: Шахтада опырылған топырақ екі жұмысшыны басып қалған

Шығыс Қазақстан облысында шахтада топырақ опырылып, екі адам жарақат алды. Үйінді астында қалған 32 жастағы жұмысшы құтқарылып, санавиация көмегімен облыстық ауруханаға жеткізілді.

Оқыс жағдай Глубокое ауданындағы Алтай шахтасында болды. Кен өндіру кезінде тас аралас топырақ опырылып, екі жұмысшыны басып қалған еді. Оның біреуі үйінді астынан сыртқа өзі шықса, екіншісін құтқарушылар екі метр тереңдіктен аршып алыпты. Тікұшақтың көмегімен Өскемен қаласына жеткізіліп, жансақтау бөліміне түскен, ал екінші жұмысшы аудандық ауруханаға жатқызылды.

Айдос Кунияров, ШҚО ауруханасының дәрігері:

- Түскен кездегі диагнозы, аяғы ұзақ уақыт қысылып қалған. Жағдайы ауыр. Науқас толық тексерілуден өтті. Хирург, травматолог, қан тамыры хирургы және жансақтаудағы анестезиологтар қарады. Жансақтау бөліміне жатқызылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде