{metadescription}
Жалға алған пәтерін сатып алу құқығы берілуі мүмкін
Жалға алған пәтерін сатып алу құқығы берілуі мүмкін

Жалға алған пәтерін сатып алу құқығы берілуі мүмкін

Бес жылдан кейін басыбайлы баспанасы болады! Қазақстандықтарға арнайы мемлекеттік бағдарламамен жалға алған пәтерін сатып алу құқығы берілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін өнеркәсіп және құрылыс министрі мәлімдеді.

Қанат Шарлапаевтың сөзінше, әзірге ешқайда құжат тапсырып керек емес. Себебі заң жобасы әлі шикі. «Мәжілістің қарауына енді ғана жібердік» деп отыр министр. Құжат төменгі палатаның қарауына еніп, қолдау табатын болса, жобаның механизмі әлі де пысықталады. Баспананың алғашқы легі алдымен жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасының қатысушыларына берілуі мүмкін. Егер бес жылдан бері сол пәтерде тұрып жатқаны жөнінде құжаттарын тапсырған жағдайда, басыбайлы сатып алуға өтініш бере алады.

Ал тұрғын үйдің құны әзірге белгіленбеген. Аталмыш бағдарлама қазақстандықтардың бәріне арналмаған. Оған көпбалалы отбасылар, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар мен мемлекеттік қызметкер сынды бюджет мекемесі қызметкерлері үміткер бола алады.

Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:

- Әзірге бұл механизмнің түпкілікті іске асуы туралы айтуға әлі ерте. Біз тек Мәжілістің қарауына бердік. Бұл түзету мәжілісте қолдау табады деп үміттенемін және осы пәтерлерде тұратын адамдарға толыққанды меншік иесі болуға мүмкіндік бере аламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде