Сайран: Дәрігерге пышақ сұғып алған тұрғын қамауға алынды
Түркістан облысында дәрігерге пышақ сұғып алған тұрғын қамауға алынды. Қанды оқиға Сайрам ауданының орталығы Ақсукенттегі жекеменшік клиникаларының бірінде болған.
Автор: Бек Әбиев
13.10.2023
УЗИ кабинетіне кезекте тұрған пациент ұзақ күткеніне ашуланыпты. Оны сабырға шақырған рентгенолог екеуінің арасында жанжал туындап шекісіп қалған. Сыртқа шығып «әңгімелеспек болғанда» 27 жастағы жігіт дәрігердің жүрек тұсынан пышақ ұрған. Суық қару жүректен 5 сантиметр төмен жерге кіргенімен, 30 жастағы рентгенолог аман қалды. Оған ота жасалып, ауруханада жатыр. Ал УЗИ кезегін күткісі келмеген науқас енді абақтыда сотын күтпек. Оны дереу қамауға алған полиция қылмыстық іс қозғады.
Шүкір Асланов, хирург:
- Хирург болғаннан кейін маған ол қалыпты жағдай. Ал басқа әріптестерім қорқып қалды, «сондай жағдай бола ма» деп. Мұндайдан ешкім қорғалмаған, сақтандырылмаған. Ол еш ауытқуы жоқ, психдиспансерде есепте тұрмаған адам.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!