{metadescription}
Халықты тонаған байлардың мүлкін елге қайтаруға жаңа комиссия құрылды
Халықты тонаған байлардың мүлкін елге қайтаруға жаңа комиссия құрылды

Халықты тонаған байлардың мүлкін елге қайтаруға жаңа комиссия құрылды

Елімізде су жаңа комиссия құрылды! Міндеті — жылдар бойы халықты заңсыз тонап келген бай-бағландардың мүлкін елге қайтару. Қазір арнайы тізім дайындалып жатыр. Оған 30 жыл ішінде түрлі саланың шылбырын ұстаған министрлер мен депутаттар, олигархтар мен олардың туыстары тайлы-тұяғы қалмай кіреді. Антикор қазір қызметтегілер де тексерістен тыс қалмайды деп отыр.

Алма Мұқанова, ҚР Әділет вице-министрі:

- Бұл реестр жабық болады. Неліктен? Өйткені «презумпция невиновности» дегенді естіген шығарсыздар. Араларында танымал адамдар бар. Бизнесмендер бар. Егер тағылған айып дәлелденбесе, олардың қазіргі бизнесіне кір келтірілуі мүмкін.

Жалпы жыл соңына дейін 180 млрд теңгенің активі қазынаға кері қайтарылмақшы. Оның ішінде қымбат вилла, яхталар бар.

Қазақстандық қалталылар көбіне бағалы мүлкін Франция, Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктерінде сақтайды екен. Ал комиссияның қырағы назарына іліккендер есепшоттарындағы бар байлығын апыл-ғұпыл өзге туысына, не болмаса басқа азаматтың шотына аударамын деп әрекет етсе, бірден қылмыстық іс қозғалады. Қалталылардың мұндай әрекетінің ізін кесу үшін заңға арнайы бап та енгізілген. Ал заңсыз жиған дүние-мүлкін өз еркімен мемлекетке қайтарғандар жазадан босатылады.

Марат Башимов, Мәжіліс депутаты:

- Конституцияның алдында, заңның алдында барлығы тең. Кімде қай фамилясы болсын, заңда бәріне бірдей.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде