{metadescription}
Астаналық полицейлер киллердің жолын кесті
Астаналық полицейлер киллердің жолын кесті

Астаналық полицейлер киллердің жолын кесті

Елордалық полицейлер киллердің жолын кесті. Адам өлтіруге тапсырыс беруші мен оны орындауға бекінген адам Астана - Көкшетау тас жолында кездесіп уағдаласқан.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қылмысқа қатысы бар екі азаматты сол жерде құрықтады. Тінту кезінде автокөлік салонында тапанша мен бес оқ табылды. Кісі өлтіруге тапсырыс берген адамның да үйінде алдыңғысына ұқсас бірнеше қару болған. Ұсталғандар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адамның киллер жалдауына танысының мүлкін жұмсап тастап, оны өтегісі келмеуі себеп болыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде