{metadescription}
Талғар ауруханасының қызметкерлері: Жалған жаламен жарға жықпақ
Талғар ауруханасының қызметкерлері: Жалған жаламен жарға жықпақ

Талғар ауруханасының қызметкерлері: Жалған жаламен жарға жықпақ

«Жалған жаламен жарға жықпақ!» Алматы облысындағы Талғар аудандық ауруханасының қызметкерлері осылай шу шығарды. Бұрынғы басшылық істі болып қызметінен кеткен соң, қызметкерлерлің соңына түскен. Ал дәрігерлер мұндай әрекетке баруын қозғалған қылмыстық іспен байланыстырады.

Бұрынғы басшының да өз уәжі бар. Полиция таққан айыптармен ол келіспейді. Осы текетірес тұтас аурухана ұжымын да әбден мезі еткен.

Талғар ауданынының орталық ауруханасы бірнеше жыл бұрын сенімгерлік басқаруға өткен. Онда үлесі бар алты құрылтайшының бірі әрі бұрынғы басшысы Бақыт Белғожанова. Даудың басы коронавирус асқынған уақытта басталыпты. Сол кезеңде экс-директор 1 миллиард 124 млн теңгеге бетперде, бахил, комбинезон алдыру үшін оны шығаратын компаниямен келісімшартқа отырады. Кейін Талғардың мемлекеттік кірістер басқармасы заңбұзушылық анықтап, істі сотқа жеткізіп, судья келісімді жарамсыз деп тапқан шешім шығарыпты.

Олжас Тұяқбаев, аурухананың бас заңгері:

- Мәселен, құжат жүзінде 115 млн теңгеге 206 мың дана бахил алынған. Ал іс жүзінде 5 мың данасын ғана қабылдап алғаны белгілі болды. Сондай-ақ 646 млн теңгеге 227 мың дана комбинезон алынды деп көрсетілгенмен, тек 24 мың данасы алынғаны сотта дәлелденіп, жасалған келісімшарт жарамсыз деп табылды. Судья бұл іске қатысты шешімді биыл шығарды.

Экс-басшының әрекеті әшкере болған соң, өзін ақтау үшін жала жабу жұмысы басталды дейді аурухана қызметкерлері. Ауруханаға қарасты амбулаториялардың хәлі мүшкіл деп, журналистерге көрсеткен фото-видеосы шындыққа жанаспайтынын, кезіндегі ескі нысандар қалыпқа келтірілгенін айтады.

Ғалымжан Есенәлиев, Талғар ауданы орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Керек жерінің бәрі кесілініп жасалынды. Сол себепті бұл жерде келіспейтінім, басқа бағдарлама деп келеді де, басқа республикада болып жатқан дәрігерлердің жағдайына байланысты, халықтың дәрігерлерге деген наразылығы, болмаса біздің наразылығымызға байланысты айтылатын болған. Бірақ соңында басқа тексеруге менің сұхбатым салынған. Соған байланысты келіспеймін.

Нұрғүл Мәтжанова, Талғар ауданы орталық ауруханасының дәрігері:

- Бізде апатты жағдайға дейін түсіп кеткен медпункт, амбулаторя көп болған. 2020 жылы инвесторлар келгенде соның бәрі қалпына келетін шығар деп қуандық. Мәселен, бес модульді амбулатория ашылды. Жаңа құрылғылар алынды. Ал осы жүзеге асқан жұмыстың бәрін жоққа шығарып, бізге күйе жағудың не қажеті бар?

Бұл мәселеге қатысты бұрынғы басшы Бақыт Белғожанованың да пікірін білдік. Қазір Алматыдағы жеке клиникалардың бірінде, өзінің айтуынша, кеңесші болып жұмыс істейді. Шу болып, сот жарамсыз деп тапқан келісімшартты өзінің туысқанымен жасасқанын растады. Алайда судьяның шешімімен келіспейді.

Бақыт Белғожанова:

- Бірінші, сотты білместіктен жеңілдік. Жағдайды білген жоқпыз. Бүкіл процесті көрсетеміз 29 папкадан, зауытты көрсетеміз. Суреттері, бәрі бар. Судья оның бәрін бірақ сөзбен шығарады, «қажет құжаттарды ұсынбады» деп. Апелляциядан да ұтылып отырмыз.

Апелляциядан да ұтылғасын, енді кассациялық сотқа дайындалып жатырмыз дейді. Ал осы арада Алматы полиция департаменті Бақыт Белғожановаға «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» деген айыппен қозғалған істің прокуратурға жіберілгенін жеткізді.

Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі:

- Алматы қаласы Тергеу басқармасының мәліметінше, қылмыстық іс аталмыш дерек бойынша ҚК 189бабының 4-тармағы бойынша тергеліп, 6 қазанда қылмыстық іс өндірісі аяқталып, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 300 –бабының талаптарына сай прокуратураға жөнелтілді. Содан соң шешім шығару үшін сотқа жіберіледі.

Бұл даудың нүктесін енді сот қояды. Аурухана ұжымының да күтіп отырғаны осы. Әйпесе, сағызша созылып кеткен іс жұмысқа кедергісін келтіріп жатыр дейді дәрігерлер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.