Атырауда тәркіленген екі тонна бекіре қайтадан теңізге жіберілді
Екі тонна бағалы балық қайтадан теңізге жіберілді. Маңғыстаулық шекарашылар браконьерлерден 300-ден аса бекіре және 200-ге жуық ұсақ тұқымды балықты тәркілеген. Осылайша мемлекетке келетін 817 млн теңге шығынның алдын алған.
Автор: Айман Нұрмағанбет
13.10.2023
Бұл қазан айы басталғалы бері он күннің ішінде Каспийде жүргізілген шаралардың нәтижесі. Теңіз сақшылары су бетінен ұзындығы 74 шақырымға жететін браконьерлер құрған ауды жинапты. Атыраулық шекарашылармен бірігіп атқарылған рейд кезінде көші-қон заңнамасын бұзған 18 адам ұсталып, үш қайық тәркіленді. Мамандар Каспийдің биоортасын қорғауға бағытталған шара жыл соңына дейін жалғасатынын айтты.
Дәурен Оразов, ҚР ҰҚК шекара қызметі жағалау күзеті басқармасының аға офицері:
- Заң бұзған азаматтарға 520 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Теңізге жіберілген бекіре балығының жалпы салмағы 2 тоннадан асады. Жеделпрофилактикалық алдын алу шаралары жалғасуда. Күзет шекара кемелері мен қайықтары, шекара бөлімшелері мен техникалық бақылау топтары күшейтілген режимде қызмет атқаруда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!