{metadescription}
Шымкентте әлемдік деңгейдегі өнер саңлақтарының шеберлік сабақтары өтіп жатыр
Шымкентте әлемдік деңгейдегі өнер саңлақтарының шеберлік сабақтары өтіп жатыр

Шымкентте әлемдік деңгейдегі өнер саңлақтарының шеберлік сабақтары өтіп жатыр

Шымкентте спорттық робототехникадан бастап, әлемдік деңгейдегі өнер саңлақтарының шеберлік сабақтары өтіп жатыр. Мұғалімдер мен студенттер үш күн бойы пікірсайыстан бастап, түрлі тренинг пен білім жобаларымен танысуға мүмкіндік алды.

Мұның бәрі Нұрсұлтан Назарбаев қорының ұйымдастыруымен өтуде. Басты мақсат педагогтардың тәжірибесін ұштап, оқушылар мен студенттердің әлеуетін арттыру.

Шымкенттік мұғалімдерге білімін ұштай түсуге керемет мүмкіндік туып тұр. Нұрсұлтан Назарбаев қоры үш күн бойы білім беру мекемелерінің ұстаздары мен шәкірттеріне ғылым мен инновацияның жаңа көкжиегін сыйлауда. Бірінші іс-шара білім жобаларын мектеп басшыларына таныстырумен басталды. Жаңа технология арқасында тәжірибелі мамандар балаларға оңай әрі қызықты түрде диагностика жасап қана қоймай, оқушының әлеуетін дамыта түсуді үйретеді.

Гүлім Жүсіпова, «Ел үміті» қорының балаларды дамыту және диагностикалау орталығының басшысы:

- Көп жоба ол әлеуметтік жобалар, тегін, балаларға, мұғалімдерге беріледі. Мысалы бізде «Тәуелсіздік дәуірі» деген ойын бар. Кейбір кезде тарихты балалар қиын қабылдайды. Ал мынау ойын арқылы олар ойнап, жаңа тарихты үйренеді. Ол Қазақстан тарихы. Мысалы мұғалімдерге арналған «смарт ұстаз» жобасы бар. Ол оңай платформада әр ауылдан, ауданнан, қаладан әр мұғалім кіріп, тіркеліп, онлайн сабағын өтіп, сертификат ала алады.

Ал келесі мектепте информатика мұғалімдері жаппай партаға отырды. Оларға халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орын алып жүрген әйгілі Роботек мектебінің мамандары үш күн бойы замануи технологияның қыр-сырын үйретіп жатыр. Робот құрастырудан бастап, программалаудың тың әдістерін білуге шымкенттік мұғалімдер де әуестігін білдіруде.

Олжас Айтжанов, «Роботек» мектебінің спорт бөлімінің жетекшісі:

- Шымкент қаласының балаларына, оқушыларына осы біздің жиғантерген жет жылдық тәлім тәрбиемізді бөлісу үшін осы информатика мұғалімдерімізді дайындасақ, осы әр мұғалімдеріміз 2-3 командадан дайындалса, спорттық робототехника жарыстарына, Шымкент қаласының деңгейі көтеріледі. Мысалы спорттық робототехника жағынан.

Тағы бір мектепте пікірсайыста әбден төселген пікір сайысшылар жиналды. Түрлі тақырыпта қызу талқылап жүрген 50 дебатшыға «Ел үміті» қоры Астанадан арнайы әкелген жаттықтырушылар әлемнің ең үздік әдістеріне үйретіп жатыр.

Рахат Арғынбай, пікір сайыс ардагері:

- Шымкент пікір сайысшыларында бір негізгі проблема Астананың форматын түсіну. Себебі Астананың тренерлері басқа аймақтарға қарағанда сәл ерекшелеу болып келеді. Негізі Астанадан келіп, тренерлердің үйретіп жатуының өзі біздегі пікірсайысшылардың Астанаға барған кезде де, көбірек жетістікке жетуіне әсер етеді.

Шеберлік сағаттары музыкалық білім беру мекемелерінде де өтіп жатты. Мәселен, музыкалық колледжде әйгілі, халықаралық байқаулардың лауреаты Ермек Құрманаев студенттермен білгенімен бөлісіп жатса, колледждің үлкен концерттік залында «Астана Опера» театрының бас солисті Татьяна Вицинская тәлімгерлердің сұрақтарына жуап беріп, студенттерге мамандықтың қыр-сырын үйретті.

Бұл уақытта Медицина академиясында жас ғалымдар Нұрсұлтан Назарбаев қорының өкілдерімен кездесті. Ғылыми бастамаларына қордан қолдау тауып келе жатқан ғалымдар алғашқы президент қоры арқасында осыған дейін академияның 50-ге жуық студенті мен педагогы стипендиялар мен сыйақы алғанын айтады. Биыл 10-шы рет бірге конференция өткізіп, түрлі тақырыпты талқыламақ екенін жеткізді.

Марлен Есіркепов, Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының бірінші проректоры:

- Біздің алып жатқан тақырыбымыз ол тек медицинаға қатысты меес. Басқа барлық мамандықтарға қатысты нәрсе болғандықтан, соның әрбір Қазақстанның барлық түкпірінен соны өткізетін болсақ, алған білімнен кейін өздерінің жоғары оқу орындарында ғылыми орталықтарында дамытса ,сол үлкен жетістікке жетеміз деп отырмыз. Бұл енді біздің үлкен ойымыз.

Болашақ журналистер де сыйдан құр қалған жоқ. Ақпарат тарату саласында қызмет етем деген студенттерге танымал журналист, медиа саласының жұлдызы Оксана Әубәкірова журналисттік этикадан бастап, сараптамаға дейін талдауды үйретті. Ал түрлі саладағы шеберлермен өтіп жатқан шеберлік сағаттары ертең де жалғасады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.