{metadescription}
Миссис Kazakhstan Globe 2023 — көпбалалы ана әрі кәсіпкер Айбара Ғазиз
Миссис Kazakhstan Globe 2023 — көпбалалы ана әрі кәсіпкер Айбара Ғазиз

Миссис Kazakhstan Globe 2023 — көпбалалы ана әрі кәсіпкер Айбара Ғазиз

Еліміздегі ең сұлу әйел кім? Алматыда Миссис Kazakhstan Globe 2023 байқауы өтті. Сайысқа 25 жастан асқан 17 келіншек қатысты. Ең үлкені 49-да. Шараның басты мақсаты – қоғамда ананың рөлі мен бақытты тұрмысты кеңінен насихаттау, тағдыр тауқыметіне түскен әйелдерге тура жол көрсету.

Сахынаның арты қауырт қарбалас. Қатысушылар дайындығын соңғы рет пысықтауда. Өзгелері айна алдында опа-далап жағып, шашын ретке келтіріп, көйлегін түзеп жатыр. Жүздерінде қобалжу бар. Қазылар алқасы ешкімді бөліп-жармаймыз деп отыр.

Роза Рымбаева, ҚР халық артисі:

- Өте ақылды, сұлу әйлдер бар. Сол әйелдердің конкурсы. Барлығын да жеңімпаз деп санаймын. Себебі, бұлар көпбалалы аналар, үлкен жұмыс істепжүрген аналар. Және де отбасында бақытты әйелдер.

Қатысушылардың арасында тағдыр жолы ауыр әйелдер де бар. Соның бірі бес баланы өсіріп отырған Айбара Ғазиз. Тұрмыстағы 12 жылым қорлықпен өтті деп еске алып отыр. Бұрынғы күйеуі көрсеткен зорлық-зомбылыққа шыдай алмай, ақыры ажырасыпты. Енді қазір бірнеше ірі компанияларда кәсіпкерлерге бизнес-жоспар жасап көмектесіп, кәсібін дөңгелетіп отыр.

Айбара Ғазиз:

- Әрбір қазақ әйелінің ішінде сондай бір мықты тұлға жатыр. Маған да осы бола береді демей, өзіңді қолға алып, өзіңді жаса дегім келеді. Бұл конкурстар жәй ғана конкурс болып қалмау керек. Біз адамның алдына шығу арқылы өзімізді жасап жатқанымызды түсінуіміз керек. Әйел адам өзін дамтпаса, ұлт дамымайды. Өйткені бір сауатты әйел бірнеше баланы тәрбиелей алады.

Байқауға әйелдер еліміздің түпкір-түпкірінен келген. 25 пен 50 жас аралығындағы 17 әйел қатысып отыр. Кейбірінде тіпті немерелер бар екен.

Жанна Мейрамбаева, Mrs Kazakhstan globe байқауының директоры:

- Біздің әйелдер тамақ дайындауды, ән айтуды, билеуді, жалпы барлық дүниені біледі. Сондықтан мұны көрсетудің қажеті жоқ. Бұл байқауда олар өздерінің басқа таланттарын паш етеді. Біз әйелдердің мына әлемге не бере алатынына және несімен бөлісе алатынына қараймыз.

Ең көп ұпай жинаған көпбалалы ана әрі кәсіпкер Айбара Ғазиз оқ бойы озық шықты. Енді жеңімпазымыз Қазақстанның атынан «Ғаламшар ханымы» байқауына қатысады. Аталмыш сайыс алдағы көктемде Қытайда өтеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.