{metadescription}
КТК жобасында бағыңды сына —  «Кел,шырқайық»
КТК жобасында бағыңды сына —  «Кел,шырқайық»

КТК жобасында бағыңды сына — «Кел,шырқайық»

КТК да кезекті премьера! Осы жексенбіден бастап көрерменге «Кел,шырқайық» бағдарламасы жол тартады. Елдің түкпір-түкпірінен келген түрлі ұжым ән шырқап, өнерін паш етеді. Халықтың музыкалық жобасында бағын сынап көрем дейтіндерге шектеу жоқ.

Студияға аяқ аттап басқаннан, мамыражай ауылдың кешіне тап болғандай күй кешесің. Әріректе мұнартқан тау, аулада сәкі. Құстардың дауысы да құлаққа жететіндей. Соңғы дайындық жұмысы пысықталды. «Кел, шырқайықтың» алғашқы түсірілімі басталып кетті.

Бағдарлама жүргізушісі көпшілікке танымал актер Қайрат Әділгерей. Осыған дейін талай жобаны тізгіндегенімен, бұл жобаның жөні бөлек болайын деп тұр. Қатып қалған сценарий емес, қонақтармен емен-жарқын әңгімелесетін, тапқырлықты талап ететін формат та Қайраттың оң жамбасына келетіндей.

Қайрат Әділгерей, жүргізуші:

- Бұл бағдарламаның ерекшелігі сол,  қарапайым адамдар. Әртүрлі саланың маман иесі, мұғалім болсын, тракторшы болсын, дәрігер болсын, жаняұларымен келіп ән шырқайды. Бағасын студияда отырған қарапайым халық береді. Сонысымен қызық деп ойлаймын. Студиядағы дауыс берер көрермендерден бөлек, танымал өнер өкілдерінен құралған қазыларалқасы да болады. Басты қатысушылардың жұлдыз болмауы да бұл жобаны өзгелерден ерекшелейді.

Мира Добрынина, продюсер:

- Халықтың жобасы деуге болады.Бір командада үштен алтыға дейін адам қатысады. Өзі дайындаған әнімен келеді. Мақсаты телекөрермендерді және әділқазыларды таң қалдыру.

 «Кел, шырқайық» бағдарламасы КТК арнасында әр жексенбі 20-00-де шығады. Халықтық жобаның алғашқы шығарылымын тамашалаңыз!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде