{metadescription}
Атауы бейәдеп компания тіркеуден өткізілмейді
Атауы бейәдеп компания тіркеуден өткізілмейді

Атауы бейәдеп компания тіркеуден өткізілмейді

Атауы бейәдеп сөзбен ашылмақшы болған компаниялар енді тіркеуден өтпейді. Ресми тіркеуге өтініш берген мұндай компанияларға Әділет министрлігі жазаны қатаңдатқан.

Азамат Есқараев ҚР Әділет министрі:

Таяуда әлеуметтік желіде, боқауыз сөзбен компания ашылғаны жайында ақпарат кеңінен тарады. Иә, біз бұл жағдайды растаймыз. Қысқаша түсініктеме беретін болсам, азамат әзілқалжыңға негіздеп, компания атауын қойған. Барлығы онлайн форматта жүргізілген. Енді мәдениетіміз бен салт-санамызға жат атаулар мұқият сүзгіден өткізілетін болады.

Қазір осындай заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі заңды жетілдіру мәселесі пысықталуда. Сондай-ақ, шығарылып жатқан заң жобаларының мемлекетттік тілдегі нұсқасы жалпақ жұртқа ұғыныңқы, қолдануға жеңіл болғанын қадағалаймыз деп отыр министр. Қазақ тілінде олпы-солпы құжат дайындап келгендердің мәселесі майшаммен қаралмақшы. Ондай заң жобалары қателер түзетілмегенше кері қайтарыла берілетін болады дейді Есқараев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.