{metadescription}
Отбасындағы озбырлар үйінен қуылып жазаланатын болады
Отбасындағы озбырлар үйінен қуылып жазаланатын болады

Отбасындағы озбырлар үйінен қуылып жазаланатын болады

Ішкі істер министрлігі отбасындағы озбырларды үйінен қуып шығып, жазалауды жоспарлап отыр. Жауапты орган тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстарды азайту үшін заңға осындай түзетулерді енгізгізуге ниетті.

Руслан Қаржасбеков, ҚР ІІМ ӘПК басқарма бастығы:

Біз отбасына озбырлық көрсеткендерді үйден шығару мәселелерін қарастырып жатырмыз. Бұл шара оларды тексеру кезеңінде уақытша оқшаулауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қоғамдық жұмыстарды енгізу мен психокоррекциялық тренингтерден өткізу және алкогольді тұтынуға тыйым салу да ұсынылмақ.

Ішкі істер министрлігі жазаны әлде де күшейту оң әсері беретінініне сенімді. Бұл ретте статистиканы да мысалға келтірді. Мәселен, озбырлыққа қарсы заң күшейтілгелі жанұядағы жанжалдар жайлы өтініштер едәуір азайыпты. Сондай-ақ, психологиялық жұмыстар жәбірленушілермен ғана емес, агрессорлармен де жүргізіле бастаған. Бүгінде отбасына қатыгездік көрсеткен жетпіске жуық адам психологиялық көмекке жүгінген. Курстан өткен отбасыларда тұрмыстық жанжалдар қайталанбады дейді тәртіп сақшылары.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде