{metadescription}
Зорлық-зомбылық көріп жүргендерге сенім телефоны іске қосылды
Зорлық-зомбылық көріп жүргендерге сенім телефоны іске қосылды

Зорлық-зомбылық көріп жүргендерге сенім телефоны іске қосылды

Елімізде зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсететін сенім телефоны да іске қосылды. Енді кез келген адам 111 бірыңғай байланыс орталығына тәулік бойы хабарласа алады.

Қалалық нөмірлер мен ұялы байланыс операторлары үшін қоңырау шалу тегін. Азаматтарға қажетті көмек мәтіндік диалог арқылы да көрсетілмек. Тұрмыстық зорлық-зомбылық және балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллинг мәселелері премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың басшылығымен өткен кеңесте кеңінен талқыланды. Еске сала кетейік, биылғы жолдауда президент зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына көмек көрсетудің пәрменді бағдарламасын әзірлеу міндетін қойған болатын.

Тамара Дүйсенова, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

Аталған шаралар азаматтар, әсіресе әйелдер мен балалар үшін қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді. Байланыс орталығы мемлекеттің уақытылы көмек көрсетуінің тиімді құралына айналады. Сондайақ өңірлер бойынша аса өткір проблемаларға мониторинг жасау үшін деректер көзі болмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде