{metadescription}
Бурабай ауданында есірткі зертханасы анықталды.
Бурабай ауданында есірткі зертханасы анықталды.

Бурабай ауданында есірткі зертханасы анықталды.

Есірткі ауылға да жетті. Ақмола облысындағы Бурабай ауданында есірткі зертханасы анықталды. Синтетикалық дәрілерді дайындаумен 21 жастағы жігіт айналысқан.

Щучье қаласының тұрғыны жақын жердегі ауылдан есірткі зертханасын ашу үшін арнайы осы жер үйді 2 жарым миллион теңгеге сатып алған. Ал , өзі аудан орталығында тұрған. «Кәсібін» келіп-кетіп жүргізсе керек. Бірақ, ауыл шетіндегі үйде есірткі әзірленіп жатқанын көршілері де сезбеген. Қажетті құрылғыларды орнатып, синтетикалық есірткі жасау үшін ол көп еңбектенген. Химиялық қоспалармен жұмыс істегендіктен арнайы бетперде, қолғап киіпті. Кезекті жұмысын аяқтаған соң құрылғыларды бөлшектеп жертөлеге, үйдің қуыс-қуысына жасырып отырған. Ал дайын өнімді курьер арқылы саудалаған. Қазір 21 жастағы жігіт қамауға алынды. Оның сыбайластары да іздестіріліп жатыр.

Виталий Гудыменко, Ақмола облыстық ПД басқарма бастығы:

Оның үйін тінтігенде зертханалық құралдар,жарты тоннадай химиялық сұйықтық және 800 граммдай альфа пвп психотроптық есірткі табылған. Бұл ірі көлем болып саналады. Қазір Қылмыстық Кодекстің 297-ші бабына сәйкес, есірткіні заңсыз дайындау, сақтау және сату бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.