{metadescription}
Жамбыл ауданының шаруасы құзырлы органнан араша сұрайды
Жамбыл ауданының шаруасы құзырлы органнан араша сұрайды

Жамбыл ауданының шаруасы құзырлы органнан араша сұрайды

«Малымды тартып алып, жаламен арымды таптады»! Алматы облысы Жамбыл ауданының шаруасы құзырлы органнан араша сұрайды. Айтуынша, серіктесімен бірігіп ірі қара өсірген. Артынша, теңдей үлесі бар шаруашылыққа оны жолатпай, 70 миллион теңгенің малын сатты деп полицияға арызданған.

Барымнан айырылдым деген шаруаның ісін қазір аудандық сот қарап жатыр. Ал, арызданған жәбірленуші тараптың бұл мәселедегі пікірі бөлек.

Күлшат Ермекбаева тоқсаныншы жылдардан бері мал шаруашылығымен айналысады. Алдыңғы жылы 1500 бас ірі қараға серіктесімен қақ бөліп қосылып, ортақ кәсіп бастағанын айтады. Алайда, көп өтпей арада кикілжің пайда болып, «үш жүзге жуық малды қолды қылдың» деген атына арыз түскен. Жалған жаладан басын арашалар, қанша малы барын айғақтайтын құжаттар тінтуден соң жоқ болып кетті дейді ол.

Күлшат Ермекбаева:

Екеуміздің қанша мал алғанымыз сол, заттардың бәрін аяқ асты келіп тінту жүргізіп, ақшамды, 700 доллар және бүкіл құжаттарды алып тергеуші жоқ қылып жіберді. Содан барғаннан кейін бұлар бізді жолатпады, рэкеттер алып келді. Мен полицияға, прокуратураға арыз жаздым, жарты малымды қайтару туралы. Одан ешқандай нәтиже шыққан жоқ.

Серіктесі Иманбердиеваның жазған арызы негізінде іс қозғалып, сотқа жеткен. Алайда, әлі күнге бұл даудың нүктесі қойылмай, сағызша созылып келеді. Адвокат Шоқан Ахметовтің айтуынша, Күлшат Ермекбаеваның кінәсін айғақтайтын нақты дәлел жоқ.

Шоқан Ахметов, адвокат:

Біз тиісті арыздарды, шағымдарды жібердік. Жарты малды қайтарсын дегендей, жәбірленушінің үстінен арыз жаздық өз еркімен қайтарсын дегендей. Сонан кейін тергеушіге шара қолдануды сұрап арыз жаздық. Бірақ ол шағымдардың бәрі қараусыз қалды. Өтірік жауап береді. Шығарылған жазбасын жалған құжат ретінде тіркеп, қылмыстық іс құжаттарына бізге жауап бердік деп өтірік айтып отыр.

Кезекті сот отырысы өтті. Екі тарап та қатысты. Алайда арызданушы Шаркүл Иманбердиева 50-де 50 кәсіп бастадық дегенді мүлдем жала деп шығарып отыр. Оның сөзінше, Күлшат Ермекбаеваның малда үлесі жоқ.

Шаркүл Иманбердиева, жәбірленуші:

Ненің 50 пайыз деген әңгімені қай қиялдан айтып отыр? Шаруашылық құрып, сол жерге мен бұл кісіні басшы қылып орналастырдым. Өзім келдім. Мына «Аманат» базарынан Сұраншыдағы 1016 бас малды сатып алып бердім. Қолмақол. Мен жүрген жерде балам төлеп жүріп алып берді.

Екі жақ та өз айтқанынан қайтпай тұр. Әрқайсының өз шындығы бар. Дегенмен, нақақтан нақақ жала жабылды деген Күлшат Ермекбаева әділдікті талап етеді.

Бас прокуратурадан және Ішкі істер министрінен көмек сұраймын. Менің осы үндеуімді, жанайқайымды тыңдап, осы болып жатқан істі аныққанығын толық дәлелдеуге көмек көрсетсе екен деп үміт етемін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

13 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.