{metadescription}
Құтқарушылар Ауғанстан елінен оралды
Құтқарушылар Ауғанстан елінен оралды

Құтқарушылар Ауғанстан елінен оралды

Ауған еліндегі алапат зілзала зардабын жою мақсатында қол ұшын созуға аттанған қазақстандық құтқарушылар елге оралды.

Ауған еліне аттанған жедел-құтқару жасағының мамандары, кинологтар, дәрігерлер мен фельдшерлер күні-түні барын салып, 5 күн қолғабыс етті. Олар үйінді астынан 1 баланың мәйітін алып шығып, 80 тұрғынға медициналық көмек көрсетті. Сондай-ақ, 700-дей үйдің үйіндісін аршып, тазалаған. Айта кетейік, біздің құтқарушылар бұған дейін ақпан айында Түркиядағы зілзала салдарын жоюға қатысқан болатын. Жер сілкінісі аймағынан оралған құтқарушыларды әуежайда әріптестері, туыстары мен жақындары және еріктілер қарсы алды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде