{metadescription}
Үш жылда 30 мыңға жуық бала тегін емделді
Үш жылда 30 мыңға жуық бала тегін емделді

Үш жылда 30 мыңға жуық бала тегін емделді

Мейірімділікте шек болмайды. Соңғы үш жылдың ішінде Нұрсұлтан Назарбаев қорының қамқорлығымен ашылған медициналық оңалту орталықтарында 30 мыңға жуық балақай тегін ем алып шықты.

Шымкенттегі осындай үш медициналық орталыққа Қордың өкілдері бас сұғып, жағдайларымен танысты. Осы және өзге де кездесулер туралы тілшіміз тарқатып айтсын.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының ең үлкен бағдарламаларының бірі «Қамқорлық» жобасы аясында соңғы үш жылдың ішінде ел бойынша 30 оңалту орталығы ашылды. Аутизм, нейро-ортопедиялық бұзылу сияқты сырқатқа шалдыққан балақайларға арналған мүндай орталықтың үшеуі Шымкентте орналасқан. Арнайы күтімді қажет ететін балалардың ата-аналары оңалту мекемесін ашқандарға ризашылығын жаудырды.

Ұлтай Әуелхан:

Баламның нашар дамыған, үнемі жататын еді. Қазір басын көтеріп отырады. Осы екінші келуім. Осындай қолдау ашылғанына көп рахмет! Осында атааналарды шақырамын, қаншама жерде оңалту орталығы мен сияқты білмей жүрген болсаңыздар, келіңіздер және емін алыңыздар.

Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен ашылған орталықтардың әрқайсында шетелдің ең мықты мамандарынан тәжірибе алған дәрігерлер жұмыс істейді. Балақайларды емдеп қана қоймай еңбек терапиясын жүргізетін мекемелерде тігін және ағаш шеберханасы сияқты цехтар жұмыс істеп тұр. Мамандар ерекше балақайларға қолдаудың қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

Набира Қалмұратова, оңалту орталығының әдіскері:

Қыш саз балшықпен жұмыс жасау. Балдардың ұсақ моторикасына денсаулығына өте пайдалы. Баланың ойлау қабілеті дамуына жақсы әсерін тигізеді. Бұл жақта балдарымыз 3 жастан бастап қабылданады, кіргізіледі. Яғни барлық сабақтармыз біздің арнайы кесте бойынша жүргізіледі. Сол бойынша сабаққа кіргізеді. 

Реабилитологтарға да алғыс білдірген Қордың өкілдері кондиционерлер мен массаж кабинеттеріне қажетті құралдар сыйлап тағы бір қуантты. Қор өкілдері «Қамқорлық» жобасы аясында көрсетілетін іс-шараларды кеңейте беретінін жеткізді.

Әлкей Марғұланұлы, Нұрсұлтан Назарбаев қорының атқарушы директорының орынбасары:

Шымкент қаласы Нұрсұлтан Назарбаев қоры жобаларының ішіндегі ерекше маңызға ие қалалардың бірі. Себебі «Ел үміті» және «Қамқорлық» бастамаларының шеңберінде осы Шымкент қаласында екі ерте аралас орталығын, 1 реабилитациялық орталық және бір аутизмге қарсы орталыққты ашып қазір осы үш жыл ішінде мыңға жуық баланы емдеудің мүмкіндігін таптық.

Қордың ұйымдастыруымен өткізілген тағы бір іс шарада заң ғылымдарының докторы, Қазақстанның Конституциялық кеңесінің бұрыңғы төрағасы әрі Нұрсұлтан Назарбаев қоры басшысының орынбасары Игорь Рогов лекция оқыды. Профессорлар мен заңгерлер елде қабылданған маңызды заңдарды талқылап, әңгіме дүкен құруға мүмкіндік алды.

Қор өкілдерінің Шымкенттегі үшінші күні әлеуметтік нысандарды аралауымен біткен жоқ. Соңынан әлемдік деңгейдегі әртістер концерт қойды. Шымкент тұрғындары Халықаралық конкурстардың лауреаттары, Нұрсұлтан Назарбаев қорының премияларын алып жүрген белгілі музыканттар мен әншілердің өнерін тегін тамашалады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 желтоқсан

13 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде