{metadescription}
Таэквондодан республикалық турнирде үздіктер анықталды
Таэквондодан республикалық турнирде үздіктер анықталды

Таэквондодан республикалық турнирде үздіктер анықталды

Астанада таэквондодан балалар, кадеттер мен жасөспірімдер арасында республикалық турнирі өтті. Үш күнге жалғасқан дүбірлі додада олимпиадалық спорт түрінің үздіктері анықталды.

Спорттық шараға еліміздің барлық өңірінен 9 бен 14 жас аралығындағы 500 бала келген. Жарыс мақсаты- таеквондошылардың қарым-қабілетін шыңдап, бұл спорт түрінің шығыс өңіріндегі даму қарқынымен танысу. Ел біріншілігінің бұл жолғы ерекшелігі ретінде - беске бес форматындағы тегеурінді текетіресті атап өтуге болады. Бұл сында алматылық спортшылар үстем шығып, бағалы сыйлыққа ие болды. Ал жалпы командалық есепте астаналықтар топ жарды. Жүлдегерлер енді халықаралық додада ел намысын қорғамақ. Республикалық турнирге ұйытқы болған Нұрсұлтан Назарбаев қоры.

Ерлан Сатаев, Нұрсұлтан Назарбаев қоры жобалау офисінің басшысы:

Нұрсұлтан Назарбаев қорының басым бағыттарының бірі ғылымда, шығармашылықта, өнерде және спортта өз қабілеттерін көрсететін талантты жастарды қолдау. Осынау миссиямызға сәйкес «Кинг клаб Астана» қоғамдық ұйымының ұсынысын қабыл алып, қолдауды жөн санадық. Бәсекеге қабілетті, епті әрі сүзгіден өткен жастардың елімізге берері мол деген пікірдеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 желтоқсан

13 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде