Отбасында озбырлық көрсетіп жүргендердің әрбір оныншысы — әйел
Отбасының берекесін қашырып озбырлық көрсетіп жүргендердің әрбір оныншысы — әйел. Иә, барлығы бірдей күйеуінен таяқ жеп жүрген жоқ. Керісінше, соңғы уақытта әйелі күн көрсетпей, амалсыз полицияға арыз жазып жүрген ер-азамат көбейген.
Автор: Айжан Шамшидин
17.10.2023
Әдетте зорлық-зомбылық десе, тек озбыр отағасын елестетсек, қазір ішіп алып ойран салатын нәзік жандылар да екі есеге көбейген. Ішкі істер министрлігі тұрмыстық жанжал шығарушыларға енді тек хаттама толтырып қана қоймаймыз деп отыр. Үйдегі ұрыс-керістің түр-сыйпатына қарай мұндай адамдар есепке алынады. Қала берді қамалады. Жалпы жанұялық агрессорларға арналған 35 уақытша бейімдеу мен детоксикация орталықтары жұмыс істеуде. Олардың барлығы облыс орталығында мен республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан.
Игорь Лепеха, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:
- Біз әйелдерінен теперіш көрдік деп хабарласып жатқан еркектердің де барын айтқымыз келеді. Әрине, бұл статистика ер азаматтарға қарағанда аз. 10 пайызды құрайды. Бірақ дегенмен отбасының берекесін бұзып жанжал, төбелес шығаратындардың ішінде әйелдер де бар. Көбіне не есірткі тұтынғандар, болмаса, арақ ішіп алғандар арасында мұндай ұрыскеріс болады. Қазір мас күйінде тұрмыстық жанжал шығарушыларды оқшаулау мәселесі маңызды. Еліміз бойынша 880 төсек-орын бар, 35 уақытша бейімдеу орталығы жұмыс істеп тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!