{metadescription}
Астанада оқушылар тамағына бөлінетін қаржы жетпей жатыр
Астанада оқушылар тамағына бөлінетін қаржы жетпей жатыр

Астанада оқушылар тамағына бөлінетін қаржы жетпей жатыр

Елордалық кәсіпкерлер әкімдіктен оқушыларды тегін тамақтандыруға бөлінетін қаржыны көбейтуді сұрап отыр. Өйткені қазіргі сомаға мәзірді түрлендірмек түгілі, тойып тамақ ішуге де тақ-тұқ әзер жетеді дейді олар. Бұл ретте шенеуніктер қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысып, жаңа ас мәзірін әзірлеп жатқанын алға тартты.

Алайда оның нақты қашан іске асатыны әзір белгісіз. Жалға алушылардың көңілі мен оқушылардың қарны қашан тояды? 

Биыл алғаш рет ел бойынша 1 жарым млнға жуық оқушы мектепте тегін тамақпен қамтылып отыр. Ол бастауыш сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасының балалары.

Елорданың мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерінде тамақтандыру құны ағымдағы қаңтарда 30 пайызға, яғни 449 теңгеден 584 теңгеге өскен еді. Алайда кәсіпкерлердің сөзінше мұның өзі аздық етеді. Олар барлық шығынды есептегенде тамақтану құны 800 теңге болғанын сұрап отыр. Бұл бүгінгі мәзірдегі түскі ас.

Елордалық 63 мектеп гимназиясында мың жарым оқушыға екі мезгіл тегін тамақ беріледі. Мәзірде тамақтану институты бекіткен тағамдар болуы тиіс. Асхананы жалға алушылар енді өсіп, жетіліп келе жатқан жас ағзаға тамақтан бөлек жеміс мен көкөністі қосқысы келеді. Бірақ ол қымбат. Онсыз да шығындалып жатырмыз дейді.

Айман Дүрбаева, мектеп асханасының меңгерушісі:

Бір оқушының тамағына 584 теңге. Онда ҚҚС-ны алып тастаса, 521 теңге болады. 521 теңге өте аз. Шығын көп, коммуналдық төлем, жалға алу, ыдыс-аяқ аламыз. Бүгін таңертеңгі асқа күріш ботқасы болды, сүтке пісірілген, маймен қосылған. Содан кейін борщ болды, компот болды. Енді түске қарақұмық, көкөніспен қосылған сиыр етінен, компот. болады. Егер бұдан көп бөлінсе, тамақ та жақсы болушы еді.

Кәсіпкерлер инфляция мен шығынның өсуін ескере отырып, жергілікті биліктен кезекті рет тамақ құнына қатысты тарифті көтеруді сұрап отыр. Елордалық білім басқармасының өкілдері бұл өтініштердің бәрі ескеріледі, жағдай бақылауда деп сендірді.

Серік Әділбаев, Астана білім басқармасы басшысының орынбасары:

Бізде қазір нақты қандай ас мәзірі, не қосылады, оны білмеймін. Ол бекітілмеген нәрсе. Бағасы да қарастырылып жатыр. Оның құрамы да қарастырылып жатыр. Кәсіпкерлерден, я болмаса мамандардан бөлек, әр мектепте қорғаншылық кеңес болады. Сол органдардың қызметкерлерімен ақылдасамыз. 

Бірнеше нұсқадағы жаңа ас мәзірі және оның құны қараша айында қалалық маслихаттың отырысында көтерілмек. Егер тамақтану институты мен медицина университеті оны мақұлдап, жергілікті бюджетте қосымша қаражат табылса, келер жылы тамақтану құнына өзгерістер енгізіледі.

Бейсен Жолболдиев, Астана кәсіпкерлер палатасының директоры:

Бұл мәселені біз өткен жылдан бастап бірнеше рет көтердік. Енді бізге 30 пайыз қосылып отыр. Оның өзі бастапқы келісім бойынша жылдың басынан бастап, кемінде 60 пайызға көтеретін болған, 449 теңгеден жоғары, яғни 650-700-дің көлемінде. Енді түсінікті, ол бюджеттің тапшылығына байланысты.

Кәсіпкерлер мен шенеуніктер тамақ құны 800 теңге болады деп үміттеніп отыр. Дегенмен азық-түліктің әрі оны жеткізудің сондай-ақ коммуналдық қызметтердің бағасы жаңа жылда қымбаттайтынын ескерсек, бұл қаражаттың да жеткілікті болары қазірдің өзінде күмән туғызып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде