{metadescription}
Синоптиктер: Биыл қыс жайлы болады
Синоптиктер: Биыл қыс жайлы болады

Синоптиктер: Биыл қыс жайлы болады

Биылғы қыс жайлылығымен қазақстандықтарды қуантады. Елдің барлық өңірінде температура әдеттегі нормадан жоғары болады. Синоптиктердің сөзіне сенсек, оңтүстік өңірде тіпті термометр кей күндері плюсті көрсетеді. Дегенмен солтүсік пен шығысты аяз айналып өтпейді.

Атлантикадан келетін ылғалды, жылы ауа массасы қыс түсуімен Қазақстанға ығыса бастайды. Сол себепті желтоқсанның басында жауын-шашын жиілеуі мүмкін. Мамандардың айтуынша, қар әдеттегіден көп жауады. Дегенмен қыстың алғашқы айында елдің басым бөлігінде жылы ауа райы тұрақтайды. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында термометр түнде минус тоғыз градусқа дейін ғана төмендеуі мүмкін. Ал оңтүстіктегі интервал +1 мен +6 градустың аралығында болады. Қаңтар айының басында бұрқасын жиілейді. Солтүстік, Орталық, Шығыс Қазақстанда ауа райы минус 18-ге дейін салқындайды деген болжам бар. Дей тұрғанмен, синоптиктер бұл қыс бұрынғы қыстан жайлы дейді.

Алина Исмағулова, «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы:

2023-2024 жылдың қысын 2002 жылмен ұқсас деуге келеді. Ол кезде елдің басым бөлігінде жылы болған. Қолда бар болжамға қарап, алдағы қыс бұрынғы жылдармен салыстырғанда жайлы болады деп айта аламыз. Ақпан айында ылғалды күн жиі болуы мүмкін, яғни климаттық нормадан жоғары болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде