{metadescription}
Балаларға «қазақша сөйлеңдер» деген бапкерге жаңа қызмет ұсынылды
Балаларға «қазақша сөйлеңдер» деген бапкерге жаңа қызмет ұсынылды

Балаларға «қазақша сөйлеңдер» деген бапкерге жаңа қызмет ұсынылды

Әлеуметтік желіде балаларға «қазақша сөйлеңдер» деген бір ауыз сөзінен кейін танымал болған бокс бапкеріне жаңа қызмет ұсынылды. Қазақ ММА Boxing клубының жетекшісі Мұхит Амантаев бүгінде парламенттің жиі қонағы. Ол мәжіліс пен сенат қабырғасындағы спорттық мәселелерді ортаға салып, талқылауға спикер ретінде қатысып жүр.

Жаттықтырушыны әзірше танымал еткен осы видео. Жаттығуға келген балаларға ана тілінде тілдесу керек деп ақыл айтып жатқан үзінді әлеуметтік желіде тез тарап, әлі де қызу талқыланып жүр. Бірақ Мұхит Амантаев патриоттық мазмұнда бейнеүндеулерді жиі жариялап жүргенімен, бұлай ғана танымал болуды қаламапты. Бүгін Парламент алдында тілшілерімізбен жолығып қалған бапкер ағынан жарылды. Мыңға жуық шәкірті бар маман жуық арада Олимпиада чемпонын шығармай қоймаймын деп отыр.

Мұхит Амантаев, бапкер:

Қазақ тілі тек қазақ баласына керек. Менің залымның өзі «Қазақ ММА Boxing» деп аталады. Атының өзі қазақ боксы болып тұр. Мен бөтен елде жүрген жоқпын ғой. Өз елім, жерім болғаннан кейін сұраймын. Менің бокс залымда мінетті түрде қазақша сөйлеуі керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде