{metadescription}
Атырауда алпысқа жуық көпқабатты үй жылуға қосылмаған
Атырауда алпысқа жуық көпқабатты үй жылуға қосылмаған

Атырауда алпысқа жуық көпқабатты үй жылуға қосылмаған

Атырауда алпысқа жуық көпқабатты үй әлі жылуға қосылмаған. Әсіресе, «Авангард» ықшам ауданындағы тұрғындар тіземіз жылмай жатыр деп шағымдануда. Өйткені ескі үйлердегі құбыр тозып, қыстың қамы дер кезінде жасалмаған. Жұрт жаппай ауырып жатырмыз деп шағымданды. Ал әкімдік өкілдері бұл үйлерге жылу жақын арада беріледі деп сендірді.

Атыраудағы «Авангард» ықшамауданының тұрғындары жылусыз отыр. Жаураған жұрт қысқа мүлде дайын емеспіз дейді. Жиналғандар жылу маусымына жүз пайыз дайынбыз деп жоғары өтірік есеп беретін әкім-қараларға қапалы.

Жанболат Жақыпоов:

Үй қысқа дайын емес. Жертөле шіріп жатыр.Бүкіл кәріз суы астына кетіп жатыр. Жылу осы уақытқа дейін берілген жоқ. Тұрғындар болып жиналып, жанайқайымызды жеткіземіз. Жоғары жаққа, облыс әкіміне, қала әкіміне жетсін.

Тұрғындар пәтер иелері кооперативінің жұмысына көңіліміз толмайды дейді. Ай сайын ақысын төлеп отырғанымен, тұрғын үй қараусыз қалған. Жертөлесін қоқыс басып жатыр. Ал құбырлар сапасыз жүргізілген. Жылусыз отыруымыздың басты себебі де кооператив төрағасының өз ісіне немкетті қарауы дейді тұрғындар.

Самал Лекерова:

- Жылу маусымы басталды, бізде дайындық жоқ. Үйде немерелеріміз суықттан ауыра бастаған.ПИК бастығына баруын бардық. Сол ПИК-тен кеткіміз келеді. Мына кісі бізді жібергісі келмейді.

Тұрғындардың наразылығынан кейін дереу жеткен әкімдік қызметкерлері жылу бүгін беріледі деп сендірді. Атырауда әлі 60 үй жылуға қосылмапты. 

Қайрат Хабиев, Атырау тұрғын үй инспекциясының басшысы:

9 қазаннан бастап жылу берілді. 10 күннің ішінде толық жамаймыз. Жылу желілерінің өзінің күндік нормасы 150 үйден артық қоса алмайды. Сондықтан біз ойлап отырмыз, бүгінертең көпқабатты үйлерге жылу береміз.

Ал пәтер иелері кооперативі төрағасы тұрғындардың талабы орынсыз дейді. Қызмет көрсету ақысын уақтылы төлемей, қарыздары қордаланып қалған. Үйдің кем-кетігін жамауға сол қаржы жетіспеушілігі қолбайлау деп ақталды. Алайда тұрғындар бірауыздан төрағаның орнынан кетуін талап етуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде