Министр: Көлік салығы сол күйі өзгеріссіз қалады
«Көлік салығы ешқайда кетпейді». Біраздан бері ел арасында желдей ескен осы ақпаратқа бүгін ұлттық экономика министрі жауап берді.
Автор: Айғаным Достанбай
18.10.2023
Негізі көлік салығын жою туралы бастама басқа емес, Әлібек Қуантыровтың орынбасары Азамат Әмриннің өз аузынан шыққан болатын. Бір ай бұрын журналистерге берген ақпаратында вице-министр аталған мәселе жаңа салық кодексі аясында талқыланып жатыр деген. Көлік салығын қозғалтқыш көлемі 4 немесе 3 жарым литрге дейінгі автокөліктер үшін жою көзделуде деген ол қосымша есептеу жүргізіліп жатқанын айтып еді. Ал бүгін жауапты министрдің өзі мұны жоққа шығарды.
Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:
- Бұдан былай көлік салығын жою туралы, жалпы оған қатысты мәселе талқыланбайды. Ол сол күйі өзгеріссіз қалады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!