{metadescription}
Министр: Медсақтандыруы бар адам ғана көлік жүргізеді
Министр: Медсақтандыруы бар адам ғана көлік жүргізеді

Министр: Медсақтандыруы бар адам ғана көлік жүргізеді

Міндетті медициналық сақтандыру бәріне бірдей міндеттелуі керек. Денсаулық сақтау министрі көлікті медсақтандыруы бар адамдар ғана тізгіндеуі қажет деген бастаманы түсіндірді.

«Бұл әлемде қалыптасқан тәжірибе» - дейді Ажар Ғиният. Мәселен, дамыған мемлекеттерде көлік рөліне отырғың келсе, медициналық сақтандыру талап етіледі екен. Жыл сайын елімізде 3 мыңнан астам адам жол апатынан қайтыс болады деген деректі мысалға келтірген министр, осындай қиын жағдайға тап болған тұрғындар үшін медициналық сақтандыруды міндеттеу тиімді деген пайымда.

Айта кетейік, бұған дейін сақтандырылмаған адамдарға мемлекеттік қызметтің кей түрін шектеу де ұсынылған еді.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Апат көбейді. Жастар, балалар өліп жатыр. Адамдар ауыр жағдайда қалып жатыр. Мұндай жағдайға тап болған адамда медициналық сақтандыру бар ма деп сұрайтын қызметкерге қандай реакция болады деп ойлайсыз? Көмек көрсетіледі. Бірақ медицина қызметкерлеріне адамның сақтандырылған немесе сақтандырылмағанын сұрау оңай деп ойлайсыз ба? Мұның бәрі денсаулыққа байланысты. Ұсыныс әлі талқыланатын болады. Бірақ медициналық сақтандыру бәрінде болуы міндетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 желтоқсан

13 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.