{metadescription}
Ақтөбеде қызылшамен ауырғандар ауруханаға сыймай жатыр
Ақтөбеде қызылшамен ауырғандар ауруханаға сыймай жатыр

Ақтөбеде қызылшамен ауырғандар ауруханаға сыймай жатыр

Ақтөбеде қызылшаға шалдыққандар саны күрт өсіп, науқастар ауруханаға сыймай жатыр. Енді қосымша орталық ашып, індет жұқтырғандарды сонда орналастырмақшы.

Облыстық инфекциялық ауруханаға түскендердің көбісі қызылша жұқтырғандар. Науқастардың күрт көбеюінен орын жетпей жатыр. Сондықтан дәрігерлер ауырып ем іздеп келгендерге тек кеңес беріп үйіне қайтаруда.

Бұл жұқпалы ауру қараша айының ортасында шарықтау шегіне жетіп, кейін азаяды дейді мамандар. Өйткені екпе екі аптадан соң әсерін береді. Ал ауруханаға сыймаған науқастарды “Шағала” сауықтыру орталығына орналастырмақшы. Ол жерден қызылшамен ауырған балаларға сексен орын жасақталады.

Ақтөбедегі “Шағала” орталығы туберкеулезге шалдыққан балаларды емдеуге арналған. Кейін науқас саны азайып бос тұрған-ды. Пандемия кезінде ковид жұқтырғандар осы жерге жатқызылған еді. Жақында оны тіпті әскери бөлімшеге айналдырмақшы болды. Бірақ денсаулық сақтау басқармасы ол жоспарынан бас тартыпты.

Рүстем Исаев, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Эпидемия жағдайына байланысты, облыстық инфекциялық ауруханада 75 орын бар, қаланың сыртындағы санаторийде 80 койка аштық. Жеңіл түрдегі балаларды үйіне жібереміз, ларингит, бронхиалит, пневмонияға асқынып кетсе, онда ол балалар жатқызылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 желтоқсан

13 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде