Ринат Зайытов: Бұл шабуылдың болатынын мен алдын ала білдім
«Ыбырай Алтынсарин шоқынған!» Соңғы күндері басы даудан арылмай кеткен мәжілісмен Ринат Зайытов желіні шулатқан осы сұхбатына қатысты түсініктеме берді. Депутат мұны өзіне қарсы жасалған ақпараттық шабуыл деп отыр.
Автор: Айғаным Достанбай
18.10.2023
Ринат Зайытов, Мәжіліс депутаты:
- «Жұрттың Ыбырайы — Ыбырай, біздің Ыбырай — сұмырай» деп айтылған сөзді білесіз гой. Бұл біздің Ыбырайға қатысты айтылған. Қанша тарихшылар, қанша әдебиетшілер айтса да, мен ақын ретінде айтайын, Ыбырай Алтынсаринның ряса киген суреті бар. Соны халық біле ме? Білмейді. «Бір Құдайға шоқынып, кел балалар оқылық» дейді. Кейін біз ғой, өзгертіп алған, «Бір Аллаға сыйынып» деп.
Әлеуметтік желіде біраз дау тудырған осы сұхбат. Онда Зайытов ұлы ағартушы Алтынсариннің шоқынғанын айтқан. Христиан поптарына тән киім киіп, тіпті «Бір Құдайға шоқынып» деген өлең жолдарын, қазақтар кейін «бір Аллаға сыйынып» деп өзгертіп алды делініпті. Артынша желіде сұхбаттың толық нұсқасы жарық көрді. Сөйтсе, видео әбден монтаждалған екен. Толық нұсқасында «мектеп ашу үшін Ыбырай Алтынсарин шоқынған болып көрініп, патша үкіметін алдады» депті депутат. Бірақ мұндай кесілген бейнеролик Зайытовтың өзін таңқалдырмаған сыңайлы. Осылай боларын білдім дейді ол.
Ринат Зайытов, Мәжіліс депутаты:
- Ондай сөз жоқ, оның ішінде. Ол мектеп ашуға мәжбүр болып, осындай әрекеттерге барды деген бар. Егер сіз сұхбатты толық көрсеңіз. Бұл, қателеспесем, ақпан айында болған. Бұл шабуылдың болатынын мен алдын ала білдім. 15-17 қарашаның арасы деп отыр маған, жеткен ақпарат бойынша. Айтып алсын, барлығын. Содан кейін өзім жауабын беремін толық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!