{metadescription}
Атыраудағы Жайық өзенінен екі адамның денесі табылды
Атыраудағы Жайық өзенінен екі адамның денесі табылды

Атыраудағы Жайық өзенінен екі адамның денесі табылды

Атыраудағы Жайық өзенінен екі адамның денесі табылды. Олар көлікпен суға батып, сыртқа шығып үлгермеген.

Марқұмдар Өзбекстан азаматы екені анықталды. 42 және 52 жастағы қос шетелдік мұнайлы өңірге еңбек мигранты ретінде келген. Тәртіп сақшылары олардың құжаты түгел, заңды жұмыс істеуге рұқсаты болған дейді. Марқұмдардың бір-біріне туыстық қатынасы жоғын да анықтапты. Тіпті денелерінде зорлық-зомбылық белгілері де байқалмайды. Соған қарағанда көлік суға кетіп, ішіндегі екі адам тұншығып өлді деген болжам бар. Қазір бұл апаттың анық-қанығын тәртіп сақшылары тергеп жатыр.

Мейірім Ердәулет, Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы:

Учаскелік полиция қызметкерлері аумақты тексеру барысында Жайық өзеніне бағытталған көлік ізін байқаған. Алайда ол көліктің шыққан ізін көрмегендіктен дабыл қағып, өзге қызмет түрлерін шақырған. Денелерінде ешқандай көзге көрінетін дене жарақаты жоқ. Алайда сотмедициналық сараптамасы тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 желтоқсан

13 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде