{metadescription}
Халықты берешегінен босатуды көздейтін құжат қабылданды
Халықты берешегінен босатуды көздейтін құжат қабылданды

Халықты берешегінен босатуды көздейтін құжат қабылданды

Қаржы ұйымдарына қарызға батқандардың саны енді біршама азаюы мүмкін. Бүгін мәжілісмендер борышқа батқан халықты берешектен босатуды көздейдін құжатты бірінші оқылымда қабылдады.

Төменгі палатада қаралаған заң жобасы бойынша микроқаржылық ұйымдар салықтан босатылуы мүмкін. Түбегейлі емес, үш жылға ғана. Есесіне олар қазақстандықтардың жылдап жиналған қарызын кешіруге немесе жеңілдетуге ықпал жасайды.

Құжатқа енгізілген өзгерістер тағы басқа да жаңашылдықтарды қамтыған. Соның бірі Ұлттық қордың табысынан аударылатын нысаналы жинақтарды салықтан босату. Салық кодексіне енгізілген түзетулерді депутаттар бірінші оқылымда мақұлдады.

Мәди Тәкиев, Мәжіліс депутаты:

Бұл қарапайым халықтың, әсіресе жеке тұлғаларды қолдауға бағытталған. Барлығымызға аян, халық несиені ақтай алмай, жаба алмай жүр. Осыны жеңілдету норма енгізілді. Микроқаржы ұйымдарының салық базасын, үш жылға салықтан босату. Қаржы ұйымы ары қарай жеке тұлғаны міндеттеп қинамай, жеке тұлғаның қаржысын баланстан шығарады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 желтоқсан

13 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде