{metadescription}
Борышын өтеген сарбаздарға жеңілдігі бар арнайы сертификат табысталды
Борышын өтеген сарбаздарға жеңілдігі бар арнайы сертификат табысталды

Борышын өтеген сарбаздарға жеңілдігі бар арнайы сертификат табысталды

Елімізде әскерге шақырудың күзгі науқаны басталды. Аймақтан іріктеліп алынған алғашқы 40 жас өрен бүгін елордадан Өскемен қаласына аттанды. Ал борышын өтеп біткен сарбаздарға бірқатар жеңілдігі бар арнайы сертификат табысталды. Бұл да биылдан бастап қолға алынып жатқан шара.

Оралхан Бақтиярұлының мерзімді әскери қызметін өтеп жатқанына бір жылға жуықтады. Осы уақыттың ішінде теориялық әрі тактикалық тапсырмалардан сүрінбей өтіп 707 ұпай жинаған. Бұл оның өзі қалаған білім ордасына тегін түсуіне әбден жетеді. Темірдей тәртіпке үйренген сарбаздың әскерден бой тасалап жүргендерге өз айтары бар.

Оралхан Бақтиярұлы, мерзімді әскери қызметкер:

Ештеңеден қорқудың қажеті жоқ. Ер-азамат болғаннан кейін Отан алдындағы борышты ақтау міндет. Қорғаныс министрінің атынан диплом беріп жатыр, оқуға, грантқа түсуге. Бізге үлкен көмек. Осының өзі бізге жетіп жатыр. Ата-анамызға, ешкімге жүк болмайды.

Оралхан сияқты жоғары ұпай жинаған 15 сарбаз енді меморандумға қол қойған университеттердің бірінде білім ала алады. Бұл мерзімді әскери қызметке деген ынтаны арттыру мақсатында қолға алынған шара. Дәл осы жеңілдікке ілінеміз деп әскерге шақырылғандар да үміттеніп отыр.

Бекарыс Ибрагим:

- Әскери борышымды өтеуге бара жатырмын. Тәрбие болады, бір жағынан, қатаң тәртіп дегендей. ҰБТ-сіз мемлекеттік мекемеге түсе беруге болады. Сол үшін барғым келеді. 1-2 жылдай боп қалды, оқуға түсе алмай жүргеніме. 

Қорғаныс министрлігінің биылғы жаңалығы мұнымен шектелмейді. Бүгінде мерзімді қызметке алынған сарбаздарға кредит демалыс беру жөніндегі шаралар да іске асырылып жатыр.

Ғани Артықов, Астана қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілі:

Биылғы жаңалықтардың бірі 3000-ға жуық мемлекеттік грант бөлініп отыр, оқуға түсуге. Соның 600-ден астамы бұл күнге дейін қолданылды. Жастарымызда кредит болатын болса, барлықтарына уақытша тоқтатылым салынады. Әскери қызметін атқарып біткеннен кейін үш айға дейін тағы да жеңілдік беріліп отырады

Әскерге күзгі шақыруда қарулы күштер 19 мыңнан астам сарбазбен толықтырылады. Елордадан 1090 адам Отан алдындағы борышын өтемек. 1 қыркүйекте басталған шақыру науқаны 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 желтоқсан

13 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде