Ақмола облысында қызылша жұқтырғандар күрт көбейген
Ақмола облысында қызылша дертін жұқтырғандардың күрт көбеюі санитар мамандарды алаңдатып отыр. Жұқпалы инфекциялық ауру, әсіресе, балалар арасында таралуда. Науқастардың дені — осы індетке қарсы екпе салдырмағандар.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
19.10.2023
Өңірде бірінен соң бірі 60 шақты адам қызылшамен ауырған. Оның 31-і балалар екен. Соңғы кездері жұқпалы инфекцияның өршуіне көші-қон мәселесі де себеп болып отыр дейді санитар мамандар. Өткен жылы ауру Мысырдан, Ресейден келсе, қазір ішкі миграция кезінде де байқалған. Мәселен, бір үйден 4 бірдей бала ауруханаға түскен. Олар жақында Шымкенттен келсе керек. Қазір карантин шаралары болмағандықтан, қызылшаның тарауына шектеу болмай тұр. Ал ең сорақысы, балаларға аталған ауруға қарсы вакцинадан ата-аналардың бас тартуы жиілеген.
Айнагүл Мусина, Ақмола облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің басшысы:
- Қызылшаның күн санап көбейе түсуі алаңдатарлық жағдай. Бұған атааналардың өздері жол беріп отыр. Балаларына қызылшаға қарсы екпе жасатудан бас тартатындар көбейді. Діни көзқараспен қатар, вакцинаға сенбейтіндер бар. Бұл ковид ауруынан кейін пайда болды.Науқас балалардың барлығы дерлік қызылшаға қарсы екпе алмаған екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!