Астана: Есіл әкімдігі мерекелік безендіруге 848 миллион жұмсамақшы
848 миллион теңге. Астанадағы Есіл ауданының әкімдігі мерекелік безендіру жұмыстарына осынша сома жұмсайын деп отыр.
Автор: Айғаным Достанбай
19.10.2023
Көпшіліктің назарын аударған миллиондар мемлекеттік сатып алу сайтына шыққан. Онда байқауға қатысуға өтініш 2 қарашаға дейін жалғасады деп көрсетілген. Әкімдіктегілердің сөзінше, Есіл ауданы елорданың сол жағалаудағы көрнекті орындарды қамтитын болғандықтан, осыншама қыруар қаражаттың қарастырылуы заңдылық. Басқа өңірлерден келетін қонақтар мен туристер де өте көп. «Күнделікті қоғамдық, мәдени орындар, алаңдар мен саябақтарда елорда тұрғындары бос уақыттарын өткізеді. Сатып алу сайтындағы тапсырыс алдағы мерекелерге, яғни Республика, Тәуелсіздік күні мен Жаңа жылдағы безендіруге жұмсалады деп отыр. Сонымен қатар Есіл ауданы әкімдігінің жауабында мереке күндері сол жағалаудың басты көшелері мен көпірлері жалаулармен сәнделеді делінген.
Астана қаласы, Есіл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі:
- Есіл ауданында шет мемлекеттердің ресми делегацияларының қатысуымен халықаралық ісшаралар өткізіліп жатқанын ескере отырып, осы мемлекеттердің тулары мен бағдарды тиісті түрде жобалау, шағын архитектуралық пішіндерді, подиумдарды, сахналарды шығару, орнату және демонтаждау, көпшілік іс-шаралар, соның ішінде концерттер, ашық аспан астындағы, көрме, жәрмеңке өткізу үшін киіз үйлер беріледі. Жобалау жұмысы ауданның орталық бөлігінде ғана емес, географиялық жағынан ауданға жататын Тельман, Пригородный, Заречный елдімекендерінде де жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!