{metadescription}
0:000:00
Ақтауда жылу берілген көпқабатты үйлер суықтан азынап тұр

Ақтауда жылу берілген көпқабатты үйлер суықтан азынап тұр

Ақтаулықтардың пәтері азынап тұр. Қалада жылыту маусымы басталғалы кейбір көпқабатты үй тұрғындары бүрсең қағып отыр. Тұрғындар 13 қазанда жылу бере бастағанда ыстық су мүлдем құрыды дейді.

Арман Тайлақов:

- Жылу маусымы қосылғанан бері үйде жылу жоқ. Бұл бірінші мәселе. Екінші мәселе ауыз су жоқ. Ауыз судан жаз бойы азап көрдік. Қызмет істейтін мекемеге хабарлассақ, олар МАЭКке сілтейді. Ол анаған сілтейді. Былай айтқанда, халықты доп қылып отыр. Біздің жыл сайынғы көретін азабымыз осы су, жылу мәселесі.

Бұл 27-ші шағын аудандағы №41 көппәтерлі үйдің тұрғындары. Олар суықтан үйінде қалың күртеше киіп жүруге мәжбүр. Ал ұйықтағанда тіпті қиын дейді. Көпқабатты үйде жылудан бөлек, ыстық су да қосылмаған көрінеді. Ал қаланы жылумен және ыстық сумен қамтитын «МАЭК» комбинаты мен «Каспий жылу су арнасы» мекемесі бәрін уақтылы жібердік дейді. Бар кінә пәтер иелері кооперативінен деп отыр.

Жайлыбай Матаев, «Болат» пәтер иелері кооперативінің төрағасы:

- Қазір 27 шағынауданында берілуі 6,6. Су температурасы 30 градус. Таңертең көрсеткішін қарадық. Су құламасы, айналым болмайынша, жылу да болмайды. Бүкіл 27 шағынаудан бойынша үйлер қосылды. Су құламасы жоқтығынан айқай болып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде