{metadescription}
Мұнай осы аптада 4 долларға қымбаттады
Мұнай осы аптада 4 долларға қымбаттады

Мұнай осы аптада 4 долларға қымбаттады

Таяу Шығыстағы жағдай әлем экономикасына әсер етпейді дегенімен, мұнай осы аптада 4 долларға қымбаттады. Брент маркалы мұнайдың баррелі қазір 93 доллардан асқан.

Газа секторындағы ауруханаға шабуыл жасалған соң, екі жақ та қарсы соққыны үдете түсті. Израиль мен Палестина арасында соғыс басталғалы екі аптада 5 мыңға жуық адам қаза тапқан. Иран ОПЕК+ ұйымына Израильге қара алтын экспорттауға эмбарго енгізуді ұсынғанымен, қолдау таппады. Тәулігіне Израильге 250 мың тонна баррель мұнай Қазақстан, Әзірбайжан, Ирак пен бірқатар Африка мемлекеттерінен келеді.

Нарықтағы дефляция мен геосаяси жағдайды есепке алған сарапшыларға сенсек, жыл соңына дейін мұнай бағасы тағы өсіп, баррелі 95-100 доллар аралығында болмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде