Арман Шаққалиев: Ташкентте бөлке нан 120 теңге тұрады
Жергілікті әкімдіктер жауапты. Сауда және интеграция министрі күні кеше ұн мен нан бағасының қымбаттауына қатысты кібіртіктеп жауап бере алмаған орынбасарын осылай деп ақтап алды.
Автор: Мерей Қалиасқар
20.10.2023
Арман Шаққалиевтің айтуынша, Өзбекстанда ұн мен нан Қазақстанға қарағанда арзан деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Ол таңертең ғана Ташкентте бір бөлке нан 120 теңге тұратынын анықтап, журналистермен кездесуге дайындалып келіпті. Тіпті оның құрамында бірінші сұрыпты ұн жоқ, қазақстандық және өзбекстандық ұн аралас күйінде сатылады деп жеткізді.
Ал елдегі әлеумеуметтік нанның бағасы 95-100 теңге аралығында, яғни біршама арзан. Әрі қазақстандық ұн сапасы жағынан көршілес елден әлдеқайда жақсырақ, себебі оның құрамына йод қосылған деп, астын сызып айтты министр.
Шаққалиев "биыл астық көлемі аз" деген ақпаратты кейбір пысықай кәсіпкерлер оңтайлы пайдаланып, ұн мен нан бағасын шарықтата бастағанын атап өтті. Егер аймақта қажетті бидай қоры жеткіліксіз болса, бұған 100 пайыз жергілікті атқарушы орган жауапты деп санайды ведомство басшысы.
Арман Шаққалиев, ҚР сауда және интеграция министрі:
- Нан бағасының 92 пайызы ұнға байланысты. 13 облыста біз жоғары және бірінші сұрыпты ұнның қымбаттауын байқадық. Біз дер кезінде әрекет етіп шекаралас аймақтарда 50 пайызға өскен бағаны барыншы төмендетуге тырыстық. Қазір6 шамамен6 ұн бағасы 1015 пайызға көтерілді, алайда нарықтағы баға әлі тұрақталмады. Төрт аймақта ұн бағасының өсу динамикасы байқалады – Алматы, Астана, Қарағанды, Ұлытау облыстары.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!