{metadescription}
Қазақстан жанармайы арзан елдердің бестігіне кіреді
Қазақстан жанармайы арзан елдердің бестігіне кіреді

Қазақстан жанармайы арзан елдердің бестігіне кіреді

Бензин бағасы бойынша бесінші орындамыз. «Энерджи пром» агенттігінің мәліметінше, Қазақстан жанармай бағасы арзан елдердің қатарында бестікке кіреді. Ал әлемдегі ең арзан бензин Мысырда екен.

Одан кейінгі орындарға Алжир, Кувейт сияқты мұнайға бай елдер орналасқан. ТМД елдерінің ішіндегі ең арзан бензин Қазақстанда. Бұл тізімде Ресей жетінші орынға тұрақтады. Ал ең қымбат жанармай Гонконгта. Ол жақтағы жүргізушілер бензиннің литрін теңгеге шаққанда 1380-ге сатып алады екен. Финляндия мен Грецияда да көлікпен жүру тиімсіз.

Қазір елімізде АИ-92 бензинінің орташа құны 203 теңге, АИ-95/АИ-96 — 249 теңге, АИ-98 — 261 теңгені құрайды.

Биыл қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда 3,4 миллион тонна бензин өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,4 пайызға көп. Соған қарамастан қыркүйек айында жанармай бағасы жылдық қарқынмен салыстырғанда 13,4 пайызға қымбаттаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде