{metadescription}
Алматыдағы ақылы автотұраққа қатысты дау тағы ушықты
Алматыдағы ақылы автотұраққа қатысты дау тағы ушықты

Алматыдағы ақылы автотұраққа қатысты дау тағы ушықты

Алматыдағы ақылы автотұраққа қатысты дау тағы ушыға түсті. Енді тұрғындар "Алматы Паркингті" мүлде алып тастау керек дейді. Себебі кейбірі үйінің қасына көлік қойғаны үшін ақша төлеуге мәжбүрміз дейді. Ал урбанистер қаладағы кептелісті азайту үшін тұрақ ақысын тағы да қымбаттату керек деген пікірде.

Димаш Көктеубаев осы маңда жұмыс істегесін, көлігін күнде ақылы тұраққа қояды. Сағатына 100, күніне мың теңге төлеймін дейді. Айына шаққанда шамамен 30 мың теңге шығып кетеді. Кешіктірмей төлеп жүрген күннің өзінде де, кейде орын таба алмай сабылып қаламын деп отыр.

Димаш Көктеубаев:

- Пайдасы жоқ. Орын таба алмайсың. Басқа жерге қалдырып кетесің. Жаяу келесің, жұмысқа дейін. «А паркинг» дегенді алып тастау керек.Адамдар тұратын, өз үйі бар жерде алып тастау керек.Кеңселер, дүкендер қоя берсін.

Расында да үйінің ауласы түгел ақылы тұраққа айналғаны тұрғындарға тіптен қиын. Күндіз көлігі өз ауласында жәй тұрғаны үшін мың теңге төлеу миға қонымсыз деп олар да шыр-пыр отыр. Сондықтан шетелдік тәжірибеге сүйенген урбанистер темір тұлпар бас сұға бермейтін жерлерде тұрақ тегін болуы керек деп санайды. Десе де көлік көп қозғалатын көшелерде бағасын 100 емес, 200 тіпті 300 теңге қылып өсіру керек деп айды аспаннан бір-ақ шығарды.

Диас Маратұлы, Urban Forum Kazakhstan қоғамдық қорының өкілі:

- Осы ақылы паркинг жүйесі дұрыс істеген жағдайда кептелістің санын азайтуға көмектеседі. Себебі бағасы тым қымбаттап кетсе, көп адам жеке көліктің орнына қоғамдық көлікпен немесе велосипедпен жұмысқа келетін болады. Сол кезде көшеде көлік азайып, кептеліс те болмайды.

Жекенің қолынан мемлекет меншігіне өткен «Алматы Паркинг» бұл түйткілге қатысты ойын былайша тарқатады. Ақылы тұрақ жүйесі 11 қыркүйектен бастап қайта жанданыпты. Әзірге абонемент төлем мәселесі қарастырылмапты. Оны реттеу үшін уақыт керек дейді.

Талант Тайнов, «Алматы паркинг коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын» директорының орынбасары:

- Үлкен сараптама жасалуы керек. Заңнамалық тұрғыдан өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі керек. Оның бәрі уақыт алады. Сол себептен ол қазір нақты қай күні енгізетінін жауап беру мүмкін емес.

«Алматы паркинг» тұрғындарға көкейкесті болған мәселені қарастырамыз, бірақ қай күні екенін айта алмаймыз деген сыңайда әңгімені жылы жапты. Ақылы тұрақтың әзірге біраз тұрғынның қалтасын қағатын түрі бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде